Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар



бет90/130
Дата21.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#192484
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   130
Байланысты:
Смсамааассс

2.МЕКТЕП ТЫС ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
МЕН СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫ


21. Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының
түрлері

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық білім беру бөлімдері, басқармалары ұйымдастырады.


Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әр түрлі ұжымдарда мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерьлері, еңбек-сауықтыру лагерьлері, стадиондар, дене сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрған жерлердегі аула спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:
- жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту;
- оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру;
- дене тәрбиесі саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру;
- нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына машықтандыру.
Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінің жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтер құрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.
Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:
1. Арнайы бағыт. Ол бағыт – спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар құрамымен жұмыс істейді. Ол мекемелер:
- балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ);
- олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОСМ);
- жоғары спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ);
- спорттық мектеп-интернаттар.
2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:
- жазғы сауықтыру лагері;
- еңбек сауықтыру лагері;
- стадиондар, су станциялары;
- жас туристер станциялары;
- мәдениет үйлері мен спорттық сауықтыру кешендері;
- мәдени демалыс парктері;
- аула клубтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет