Ақтөбе облысы.Ойыл ауданы.Амангелді орта мектебі Майлыбаев А.
Майлыбаев Аңсаған Майлыбаевич
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Амангелді орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б) тәрбиелік: Өз білімдерін дамытуға, бір - бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Көрнекілігі: плакаттар
Сайыстың жоспары:
І. “Адасқан әріптер”
ІІ. “Жорға”
ІІІ. Қатені тап: Топ басшыларымен сайыс
ІҮ "Сұрақ жауап
Ү.Кім тапқыр.Көрермендермен ойын
VІ. « Кім жылдам ? »
І. “Адасқан әріптер”
Нимотор ----------- Монитор
Пьюромтек ------- Компьютер
Енрепатқат -------- Пернетақта
Лайф ---------------- Файл
Рльоукятакл ------ Калькулятор
Атқсуа -------------- Сақтау
Аэкторикелн ----- Электроника
Дңеөу -------------- Өңдеу
Млтогира ---------- Алгоритм
ІІ. “Жорға”
1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)
2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)
3. Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)
4. Сурет салуға арналған графикалық редактор?(Paint)
5. Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ)
6. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
7. Бір байтта неше бит бар? (8)
8. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі (Блок - схема)
9. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа (Вирус)
ІІІ. Қатені тап: Топ басшыларымен сайыс
1) Лейбниц орыс физигі?/жоқ/
2) Буль ағылшын химигі/жоқ/
3) 1 байтта = 18 бит бар /жоқ/
4) Бит – 0 мен 1 тең дұрыс па? /Иә/
5) Word бағдарламасы – графикалық редактор; /жоқ/
6) Флэш жады- бұл ақпаратты өндейтін құрал /жоқ/
ІҮ "Сұрақ жауап
Жүйелік қорап, монитор, пернетеқта, тінтуір
Қосалқы құрылғыларды атап шық
Колонка,құлаққап,модем,сканер, принтер,желілікк бейімдеуіш, т.б
Ақпаратты тасымалдау құралдарын ата: Компакт-диск, дискета, касета, флэш-жады
Компьютерде құжаттар қай жерде сақталады? Менің құжаттарым
Уақытша жойылған құжаттар қайда тұрады? Себетте
Қандай графикалық редакторды білесің? Paint т.б
Компьютерді қосқандағы ең алғашқы бет қалай аталады?Жұмыс үстелі
Жұмыс үстелінде стандартты түрде қандай таңбашалар тұрады?
Менің құжаттарым,Менің компьютерім, Себет, Желілік орта,Интернет
Пернетақтадағы қатені кетіру пернелерін ата: Delete, Backspace
Тінтуірдің сол жақ тетігі қандай қызмет атқарады?
1 рет шерту-ерекшелейді, 2 рет шерту- файлдф ашады
Ү.Кім тапқыр.Көрермендермен ойын
Жұмбақтар
1.Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Бір күн бар да, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті (пернетақта)
2.Экранның бетінде тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
3.Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
4.Кемірушіге ұқсайды бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып. Білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның? (тышқан)
5.Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды (бос орын)
6.Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік
Ақпаратты өлшер (бит)
VІ. « Кім жылдам ? »
Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және көп операторлар атауын табар екен?
Жауап: бұл жерде 11 оператор жасырылған ( END, FOR, IF, READ, CLS, LET, INPUT, PRINT, DRAW, GOTO, RESTORE, DIM )
Сайыс аяқталды.Сау болыңыздар
Достарыңызбен бөлісу: |