§ 2. Қан компоненттерін карантиндеу, іріктеу және уақытша сақтау бөлімінің үлгі штаттары
564. Трансфузиолог-дәрігер, мейірбике, медициналық тіркеуші, санитар лауазымдары ҚО санатына қарамастан, жылына 5000 қан тапсырғанда қызметкерлердің әр санатына 1 ставка есебінен белгіленеді. Белгіленген трансфузиолог-дәрігері лауазымдарынан бөлімше меңгерушісінің 1 лауазымы айқындалады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 3 параграф жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
§ 3. Қан компоненттерін өндіру бөлімшесінің үлгі штаттары
565. Трансфузиолог-дәрігер лауазымы ҚО санатына байланысты, сондай-ақ басқа компоненттерін (тромбоконцетрат, лейкоциттері мен тромбоциттері азайтылған эритроциттер массасы, криопреципитат және тағы басқаларды) дайындау үшін 1-санаттағы ҚО-да - 1,5 лауазым, 2-санаттағы ҚО-да - 1,25 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 ставка есебінен белгіленеді.
Қан компененттерін қайта өңдеудің қосымша әдістерін - лейкофильтрлеу, вирусинактивациялау, гамма-сәулелендіру үшін трансфузиолог-дәрігердің қосымша 1 ставкасы енгізіледі.
566. Мейірбике лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да - 3, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1,5 ставка есебінен ҚО санатына қарай белгіленеді.
Қан компоненттерін лейкофильтрлегенде 1-2-санаттағы ҚО-да мейірбикенің 1,5, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 ставкасы; қан компоненттерін гамма-сәулендіру жүргізгенде 1-2-санаттағы ҚО-да мейірбикенің 1,5, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 ставкасы; қан компоненттеріне вирустазартуды жүргізгенде 1-2-санаттағы ҚО-да мейірбикенің 1,5 және 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 ставкасы қосымша енгізіледі.
567. Медициналық тіркеуші лауазымы трансфузиолог-дәрігері лауазымына сәйкес белгіленеді.
568. Аппаратшы (центрифугалау, ішкі тасымалдау және тағы басқалары) және санитар лауазымдары ҚО санатына байланысты 1 дәрігер ставкасына 1,25 ставка есебінен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |