Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 1. Қанды тестілеу бөлімшесінің үлгілік штаттары мен штат нормативтері



бет45/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 1. Қанды тестілеу бөлімшесінің үлгілік штаттары мен штат нормативтері
573. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы әр қан орталығында белгіленеді.
574. Зертханашы-дәрігер (зертхана мамандары) лауазымдары ҚО санатына байланысты клиникалық және клиникалық-биохимиялық зерттеулер үшін 1-санаттағы ҚО-да - 4 лауазым, 2-санаттағы ҚО-да - 3 лауазым, 3-санаттағы ҚО-да - 2, 4-санаттағы ҚО-да - 1 лауазым есебінен белгіленеді.
575. Аға фельдшер-зертханашы (зертханашы) лауазымы бөлім меңгерушісі лауазымына сәйкес белгіленеді.
576. Фельдшер-зертханашы (зертханашы) лауазымы барлық ҚО-да, дәрігердің бір ставкасына 2 фельдшер-зертханашы (зертханашы) ставкасы есебінен белгіленеді.
577. Медициналық тіркеуші және санитар лауазымдары барлық ҚО дәрігердің және фельдшерлердің (жиынтық) 5 ставкасына медтіркеушінің бір ставкасы есебінен белгіленеді.
578. Диагностикалық стандарттар тобының зертханашы-дәрігердің (зертхана мамандары) лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО-да 2 ставкадан, 3-4-санаттағы ҚО-да 1 ставкадан белгіленеді.
579. Үлгілеу және іріктеу тобының зертханашы-дәрігер (зертхана мамандары) лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО-да 2 лауазымнан, 3-санаттағы ҚО-да 1,5 лауазымнан, 4-санаттағы ҚО-да 1 лауазымнан белгіленеді.
580. Фельдшер-зертханашы (зертханашы) лауазымдары зертханашы-дәрігері лауазымының санына сәйкес белгіленеді.
581. Аппаратшы (зертханашы) лауазымы 1-4-санаттағы ҚО-да бөлімшеге (құю, дәнекерлеу, белгілеу, қаптау) 1 ставка есебінен белгіленеді.
582. Диагностикалық стандарттары тобының санитар лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО-да 2 лауазымнан, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 лауазым есебінен белгіленеді. Үлгілеу және іріктеу тобының санитар лауазымы 1-3-санаттағы ҚО-да 1 лауазымнан, 4-санаттағы ҚО-да - 0,5 лауазымнан белгіленеді.
§ 2. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет