Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 5. Иммунологиялық HLA-үлгілеу зертханасының үлгі штаттары



бет48/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 5. Иммунологиялық HLA-үлгілеу зертханасының үлгі штаттары
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 593-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
593. Зертхана меңгерушісі лауазымы 1 ставка есебінен белгіленеді. Дәрігер-зертханашы (зертхана маманы) лауазымы зертханаға арналған 3,5 ставка есебінен бекітіледі.
594. Зертханашы және санитар лауазымдары Қан орталығының (ҚО) санатына қарамастан әр зертханаға 2 ставка (жоғары білімді әр маманға) есебінен белгіленеді.
§ 6. ЖИТС, гепатиттер, мерез инфекцияларын диагностикалау зертханасының үлгі штаттары
595. Зертхана меңгерушісі және аға зертханашы лауазымдары әрбір зертханада белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 596-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
596. Зертхана қызметкерлері лауазымдары екі ауысымды жұмыс және бір бригадаға күніне 180 сериялы ИФА (ИХЛА) және 9 ПТР (6-дан біріктіру) жүктемесін есепке алғанда, 5 дәрігердің ставкасы, 7 зертханашы (зертханашы-фельдшер) ставкасы, 3 тіркеуші ставкасы, 2 санитар ставкасы есебінен белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 597-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
597. Сарысу үлгілерін мұрағаттау тобы:
Зертханашы-дәрігердің лауазымы - 0,5 ставка, фельдшер-зертханашы - 1 ставка, медициналық тіркеуші - 1 ставка, санитар - 0,5 ставка.
11-тарау. Функциялы қамтамасыз ету бөлімшесінің үлгі штаттары мен штат нормативтері
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 598-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
598. Материалдарды және ерітінділерді дайындау тобы үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
1) мейірбике лауазымы әр зертханада белгіленеді;
2) жуу бөлмесінің (пробиркалар, бөтелкелер, жамылғы әйнектер және тағы басқалары) аппаратшысы лауазымы ҚО санатын есепке ала отырып 3-4-санаттағы ҚО үшін 1,5 ставка және ҚО санатына байланысты бұдан әрі 1 ставкаға ұлғаю есебінен белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 599-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
599. Ерітінділерді дайындау бөлмесі үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
1) зертханашы-дәрігерлер (провизор) лауазымы 1-2-санаттағы ҚО үшін 1 ставка есебінен белгіленеді;
2) фармацевт (зертханашы, мейірбике) лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО үшін 1 ставка және 3-4-санаттағы ҚО үшін 0,5 ставка есебінен белгіленеді;
3) санитар лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО үшін 1,5 ставка және 3-санаттағы ҚО үшін 1 ставка, 4-санаттағы ҚО-да 0,5 ставка есебінен белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 600-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
600. Дистиллятор бөлмесі үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
1) мейірбике лауазымы 1-3-санаттағы ҚО үшін 1 ставка, 4-санаттағы ҚО үшін 0,5 ставка есебінен белгіленеді;
2) аппаратшы-автоклавер лауазыммы әр орталықта белгіленеді;
3) аппаратшы лауазымы 1-2-санаттағы ҚО үшін 1 ставка және 3-4-санаттағы ҚО үшін 0,5 ставка есебімен белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 601-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
601. «Автоклав бөлмесі үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
1) мейірбике (автоклавер) лауазымы 3-4-санаттағы ҚО-да - 1,5 ставка және 1-2-санаттағы ҚО-да - 2,5 ставка есебінен белгіленеді;
2) санитар лауазымы 1-3-санаттағы ҚО-да 1 ставка және 4-санаттағы ҚО-да 0,5 ставка есебінен белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 602-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
602. Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату тобы үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
1) мейірбике лауазымы барлық санаттағы ҚО-да 1 ставка есебінен белгіленеді;
2) аппаратшы-автоклавер лауазымы 1-3-санаттағы ҚО-да 1,5 ставка және 4-санаттағы ҚО-да 1 ставка есебінен белгіленеді;
3) санитар лауазымы 1-4-санаттағы ҚО үшін 1 ставка есебінен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет