Дәрілік заттарды енгізу жолдары
Дәрі-дәрмектерді парентеральді жолмен енгізу
Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесіне түспей енгізу жолын - парентеральдық деп атайды.
Парентеральдық енгізу жолдарының бірнеше түрлері бар:
Тіндерге - тері, тері астындағы май қабатына, бұлшық етке, сүйекке.
Тамырларға - көктамыр, артерия, лимфа тамырларына.
Қуыстарға - іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына.
Субарахноидалдық кеңістікке.
Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «inectio» - енгізу деген мағына береді.
Егулердің басқа енгізу жолдарынан артықшылықтары болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:
енгізген дәрі тез әсер етеді;
дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;
бауырдың кедергі ролі жойылады;
жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.
Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «inectio» - енгізу деген мағына береді.
Егулердің басқа енгізу жолдарынан артықшылықтары болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:
енгізген дәрі тез әсер етеді;
дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;
бауырдың кедергі ролі жойылады;
жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.
Препараттың парентеральды жолымен препарат тікелей қанға енеді. Бұл оның асқазан-ішек жолдары мен бауырға
жанама әсерлерін жояды. Парентеральды әдістер асқазан-ішек жолдарынан сіңірілмеген, оның шырышты қабығын
тітіркендіретін дәрілерді, сондай-ақ асқазанда ас қорыту ферменттерімен бұзылатын дәрілерді енгізеді.
Препаратты енгізу парентеральды бағыттардың көпшілігінде зарарсыздандырылған қосымша жабдықты (шприц) қолдануды
қажет етеді. Дозалау нысаны стерильді болуы керек, инфузияға арналған ерітінділер (яғни, көктамыр ішіне енгізілетін
ерітінділер - 100 мл-ден астам) міндетті түрде пирогенсіз болуы керек (яғни, микроорганизмнің қалдықтары жоқ). Барлық инфузиялар тамшылау әдісімен қатаң медициналық бақылауда жүзеге асырылады.
Егуді жасау үшін шприц пен инені қолданады. Кез-келген шприц келесі негізгі бөлектерден тұрады: шкаласы бар цилиндр, ине кигізетін конус, поршень.
ЖИТС инфекцияның таратуын алдын алу мақсатымен пластмассадан стерильді, бүтін қапшықтағы бір рет қолданылатын шприцтер кеңінен тараған. Шприц - тюбиктің бір рет қолданатын шприцтен айырмашылығы - оның іші дәріге толтырылады. 100 және 200 мл сыйымдылықты Жане шприці қуыстарды жуу үшін қолданылады.
Шприц тұтас, жарықсыз, жақсы келетін поршеньмен болуы тиіс, сонда ол бүтіндігін сақтайды.
Шприцтің бүтіндігін тексеру оңай: саусақпен ине салатын конустағы тесігін жауып, поршеньді кері қарай тартып, кейін оны жіберу керек. Егер поршень тез өзінің орнына тұрса, шприц бүтін деп саналады.
Егу жасайтын шприцтің сыйымдылығы 1, 2, 5, 10 және 20 мл болады.
Әр түрлі егуге сәйкес ине қолдану өте маңызды.
Тері ішіне - 1 мл, 15 мм иненің ұзындығымен диаметрі 0,4 мм туберкулинді шприц.
Тері астына – 1-2 мл, кейде 5 мл, иненің ұзындығы 20 мм диаметрі 0,4-0,6 мм шприц.
Бұлшық ет арасына – 1-10 мл, 60, 80 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц Көк тамырға- 10-20 мл, 40 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц.
Антибиотиктерді ұнтақ күйінше, аузын резеңке тығынмен, темір қалпақпен жапқан флакондарды шығарады. Оны иъекция үшін былай дайындайды: алдымен қалпақшасын ашып, резеңке тығынын спиртпен сүртеді. Шприцке ұзын, қуысы кең инені кигізіп, антибиотикке ерітінді (0,5 новокаин, физиологиялық ерітінді, дистилляцияланған су т.б.) сорғызады да, флаконның резеңке тығынына тік шаншып кіргізеді. Сөйтеді де, шприцтегі ерітіндіні поршеньді баса отырып, флаконға жайлап жіберіп, дәрі ерігенше күту қажет. Кейдң дәрінің еруін тездету үшін, әрі-бері шайқап, содан соң шприцке сорғызып алады. Дайын болған шприцті дәрісімен зарарсызданған астаушаға салып, бетін зарарсызданған дәкемен жауып, палатаға барады. Кейде мейірбике ішінде дәрісі бар шприц инесін, спиртке малынған дәкемен ғана жауып алып, бүкіл бөлімді аралап жүргенін көруге болады. Бұл барып тұрған өрескелдік. Мұндай инъекция жасаған жерде іріңді соқта дамуы мүмкін. Сондықтан да кез келген мейірбике инъекция кезінде асептиканың заңдарын қатал сақтауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |