Дәріс № 17 Қазақтың ұлттық спорт түрлері, ойындарын дамытудың қазіргі мәселесі.
Дәріс жоспары:
Ұлттық спорт түрлерінен Республикалық және облыстық спорт федерацияларын ашу. Ұлттық спорттың негізгі түрлерінен БЖС мектептерін ашу.
Республиканың спорт ұйымдарының қалыптасуы.
Ұлттық спорт түрлерінен Республикалық және облыстық спорт федерацияларын ашу. Ұлттық спорттың негізгі түрлерінен БЖС мектептерін ашу.
Осыдан 20 жыл бұрын «ұлттық спорт» деген сөз тіпті қолданылса мардымсыз, бүгінгі таңда еліміздің ұлтжанды азаматтары ұлттық спорттың 26 түрін өмірге әкеліп, оның 16 түрінен федерациялар құрып отыр, оның құрамында миллионнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысуда. 2005 жылы еліміздің отан сүйгіш азаматтары, федерациялардың басын қосып Республикалық Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын құрып, ұлттық спорттың дамуына кең жол ашты.
Ұлттық спорт түрлерінен Республикалық және облыстық спорт федерацияларын ашу. Ұлттық спорттың негізгі түрлерінен БЖС мектептерін ашу.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетімен бірге Ұлттық спорт түрлерінен ІІІ республикалық фестивалін өткізуге шешім қабылдаған еді. Фестивальді 4 кезеңмен: алдымен барлық ауылдық округтерде, екінші кезең аудандар мен қалаларда, үшінші кезең облыстардың орталықтары мен Алматы, Астана қалаларында, ал соңғы, ақтық жарысты облыс әкімдігінің өтініші бойынша Шығыс Қазақстан облысында өткізу жоспарланған еді.
Шығыс Қазақстан облысы еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сол елдің белгілі азаматтары Нариманов Мэлс, Базарханов Тоқан, Алексей Плахута сынды азаматтардың ұсынысын қолдап, облыста сол кезде жұмыс істеген әкімдер В.Метте, Т.Абайділдиннің күшімен ат спорты мектебі ашылып, қала орталығындағы халыққа қолайлы жерден атшабар салынған еді. Олардың еңбектері еш болған жоқ, облыста ұлттық спорттың – қазақ күресі, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу секілді түрлері жақсы дамыды. Сондықтан да қойылған мақсат басқа облыстың өкілдеріне Өскеменнің жетістіктерін көрсету және қала халқына ұлтымыздың ғажайып өнерін насихаттау, қызықтыру болатын.