Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар


биосферадағы азоттың айналымы



бет12/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар

биосферадағы азоттың айналымы
Жер бетінде азот көбінесе атмосфераның газды өнімі түрінде таралған (N2–78%). Азот сондай–ақ ақуыз, нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Нуклеин қышқылдары тірі организмдердің генетикалық материал көзі болып саналады. Бірақ өсімдіктер азотты атмосферадан тікелей ала алмайды. Себебі, N≡N молекуласындағы үш байланысты бұзу үшін өте үлкен энергия қажет. Өсімдіктер тек қана оттегімен немесе сутегімен байланысқан азотты сіңіреді (NH3, NH4+, NO3-). Кейбір топырақта кездесетін микроорганизмдердің атмосфералық азотты байланыстыру процесін азоттың биологиялық фиксациясы деп атайды. Осы жолмен жыл сайын жер бетіне 17,5∙1010 кг азот тасымалданады. Азот айналымында негізгі процесті - нитрат ионының азотқа дейін тотықсыздануы атқарады. Бұл процесті топырақтағы анаэробты бактериялар, денитрификаторлар атқарады.
5[CH2O] + 4NO3- + 4H+ → 2N2 + 5CO2 + 7H2O
Азот айналымын аяқтайтын денитрификация реакциясы молекулалық азоттың қайтадан атмосфераға оралуын көрсетеді. Денитрификация шаруашылықта азотты жоғалтудың негізгі себебі. Өйткені адам енгізген тыңайтқыштардың жартысы атмосфераға қайтадан ұшып кетеді. Азот фиксациясы көп энергияны қажет ететін процесс.
биосферадағы фосфордың айналымы
Жер қыртысында фосфордың кларкы (литосферада немесе тау жыныстарындағы элементтердің орташа құрамы) төмен - 0,1%. Бірақ биосферада фосфордың ролі маңызды. Жер қыртысында фосфор балқыған заттың (магма) құрамына кіреді. Базальттарда фосфордың мөлшері 0,14%, ал гранит құрамында 0,07%. Сондықтан, фосфордың таралуы кальцийдің таралуына жақындайды. Геохимиялық көзқарастан фосфор шашыраңқы таралған элементтерге жатады. Өйткені, фосфор барлық минералдардың құрамына кіреді (200 минерал түрінде болады). Фосфор жетіспегенде биосферада ақуыз синтезі жүрмейді. Фосфор АТФ фотосинтезінде пайда болған көмірсулармен экзотермиялық реакцияны қамтамасыз етеді. Фосфор тірі заттың өмір сүру процесіне қажетті, ондағы биохимиялық реакцияларды қамтамасыз етеді. Фосфор тірі заттың массасын анықтайды.
Мұхитқа иондар формасында түсетін фосфордың орташа концентрациясы 1 млн.тонна (1 жылда). Дисперсті және ерігіш органикалық затта фосфордың мөлшері 0,5%. Элементтің жүзгіндер формасының орташа концентрациясы 510 мкг/л. Ал жүзгіндермен шығарылатын фосфордың концентрациясы 21 млн.тонна (1 жылда). Бұл масса жалпы массадан санағанда 88%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет