Тыңайтқыштар жүйесі:Көптеген зерттеушілер қонақ жүгері егісіне органикалық және минералдық тыңайтқыштарды берудің тиімділігін көрсетеді.
Топырақ өңдеу жүйесі: Қонақ жүгері дақылы ылғалы жеткіліксіз аудандарда өсірілетіндіктен, топырақ өңдеудің негізгі мақсаты-ылғалды максималды жинау, сақтау және үнемдеп пайдалануға және арамшөптерді жоюға бағытталуы тиіс. Көктемгі топырақ өңдеу жүйелерінде ерте көктемгі танапты тырмалау және тұқымды себер алдындағы культиватциялау.