Дәріс-1 Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру Негізгі анықтамалар және терминалогия



бет30/47
Дата08.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#118111
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
Байланысты:
Мал шаруаш Дәріс

Әдебиеттер тізімі
.Әбдіров А.М. Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру.  Астана КазАУ, 2   б.
2.Әбілжанұлы Т. Кормоприготовительные машины для крестьянских хозяйств и других агроформирований. Ќ Астана. 2007. 200с.
3. Рүстембаев Б.Е. және т.б. Сүт және сүт өнімдерін өндірудің жаңа техноло-гиялары мен экономи-касы. Оқу құралы. - Астана. 2007
4. Зейнуллин К.Ш., Естаев Б.З. Мал фермалары мен комплекстерінің технологиялық жабдықтары. Оқу құралы. - Целиноград. 1992


Дәріс-8
Мал қоражайларында микроклимат қалыптастыру



  1. Микроқлимат жүйелері

  2. Мал қораларындағы микроклиматтын зоотехникалық және зоогигиеналық талаптары

  3. Ауа алмастыру жүйелері

1. Микроклимат дегеніміз мал қораларында малға жағдайлы физикалық және химиялық орта қалыптастыру. Мал қорасындағы микроклиматтың негізгі факторлары ауаның температурасы, ылғыдылығы, оның жылдамдағы химиялық құрамы, сонымен қатар ауадағы шаң және микроорганизмдердің құрамы. Қора ауасының химиялық құрамын тексергенде ондағы қөмір қышқыл газының (CO2) аммиактың (NH3) күкіртқышқылының, көміртегі тотығының құрамдарын анықтайды. Бұл ұлы газдардың шамадан тыс көптігі мал организмінің ауруға төзімділігін кемітеді. Микроклимат қалыптасуға жағдай жасайтын факторларға қораның жарықтығы, бөліп тұрған құрылымдардың сыртқы бетінің тампературасы, (яғни осы беттерде ылғалды шық пайда болуы мүмкін), қора ішіндегі құрылымдардың жылу ауыстыру қасиеттері және ауа ионизациясының мөлшері.


Осы жоғары кептірілген факторлардың бәрі белгілі бір зоотехникалық нормада болуы керек. Бұл нормалардың бәрі мал қораларын жобалау жұмыстарының тәртібінде келтіріледі.
Мал қоралары құрғақ жылы жарықталынуы жақсы және сыртқы шу естілмеуі керек. Қоралардағы микроклиматты сақтамау сүттіліктің 10-20 пайызға салмақтың өсуі 20-30% келуіне, мал басының келуі 5-40% жетуі мүмкін. Қорада микроклимат қалыптастыруға ондағы есіктердің дұрыстығы қора кіреберісінде тамбурлардың болуы жағдай жасайды.
Микроклиматтың негізігі факторы қорадағы ауаның температурасы, еден және басқа да беттердің температурасы.
Негізінен қорадағы микроклиматты сақтау дегеніміз ондағы ауа алмасуын реттеу, яғни қорадағы бұзылған ауаны шығарып оған тұрақты таза ауа кіргізіп тұру керек.
Қорада ауа алмасу жүйесі арқылы ондағы оңтайлы жылылық ылғалдылықты және ауаның химиялық құрамын белгілі бір деңгейде ұстау керек. Жыл мезгілінің әртүрлі уақытында керекті ауа алмасу әртүрлі болады. Қорада ауа алмасу жүйесі арқылы оның барлық жерінде ауа алмасу мүмкіндігі қаралуы керек. Қорадағы әртүрлі жабдықтардың бетіне конденсат пайда болмауы қамтамасыз етілуі керек.
Мал қораларындағы ауа алмасу процесі малдың 100кг массасына керекті ауа алмасу мөлшері есептеледі. Мысала малдың 100кг массасына керекті ең аз ауа алмасу мынандай. Ол сиыр қораларында 17 м3/сағ, бұзау қораларында 20 м3/сағ, шошқа қорасында 15-20 м3/сағ.
Осы зоотехникалық талап бойынша ең аз керекті ауа алмасу мына өрнек арқылы анықталады

Lmin=0,001 l m G,


мұнда l - малдың 100кг массасына керекті ауа алмасу, м3/сағ;


m – қорадағы мал саны;
G – малдардың орташа массасы, кг.
Ауа алмасу көлемінің қора көліміне қатынасын ауа алмасу саны деп атаймыз. Бұл қора ішіндегі ауаның бір сағаттың ішінде қанша рет ауысатынын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет