2. Айнымалы ток жүйесінің қуаты және энергиясы.
Ток тізбегіне қосылған активті , индуктивті және көлемдік кедергілерге байланысты, онда жүретін токтың қуаты да активті, реактивті және толық қуат болып бөлінеді. Қысқа мерзімдегі ток қуатының орташа мәні активті қуат, ал ол мына өрнекпен анықталады
P =U J cosφ , Вт
мұнда U - жұмыс істеп тұрған токтың кернеуі, В;
J - жұмыс істеп тұрған ток күші.
Активті қуат – ток тізбегіндегі электромагниттік энергияның жылу және механикалық энергияға айналуындағы толық периодтағы жұмысын анықтайды. Ол Ватт-пен өлшенеді.
Ток тізбегіндегі энергияның өзгеру өлшемін реактивті қуат, ол мына өрнекпен анықталады
Q =U J sinφ , Вар
Реактивті қуат Вольт ампермен өлшенеді (Вар).
Электр тізбегіндегі толық қуат ток күші мен кернеудің жұмыстық мәндерінің көбейтіндісіне тең.
S =U J = √ P2+Q2 , ВA
Үш фазалы ток тізбегіндегі қуат әр фазадағы қуаттардың қосындысына тең.
Р = Р1+Р2+Р3, Ватт
Үш фазалы токта, егер әрбір фазаның жүктелуі бірдей болса, онда осы үш фазадағы ток күшінің активті қуаты мына өрнекпен анықталады
P = √ 3 U J cosφ , Ватт
сosφ = қуат коэффициенті.
Достарыңызбен бөлісу: |