Трансформаторлар.
Электр энергиясын алыс қашықтықтағы тұтынушыларға жеткізу үшін және ток күшінің келуін азайту үшін электр тогы жоғарғы кернеуде таратылады. Бұл жағдайда электр тогы тұтынушыларға берілетін жерде кернеу шамасы кемітіледі.
Бірнеше шақырымдағы тұтынушыларға электр тогы 6-10 килоВольт кернеумен тасымалданады, бірнеше ондаған шақырымдағы тұтынушыларға 35-110 кВ кернеумен, ал бірнеше жүздеген шақырымдағы тұтынушыларға 220, 330, 500 кВ кернеумен тасымалданады. Негізінен ауылшаруашылығындағы тұтынушылар 380, 220, Вольт кернеудегі электр тогын пайдаланады. Сондықтан осы кернеулерді жоғарылату немесе азайту үшін арнаулы құрылымдар - трансформаторлар пайдаланылады.
Трансформатор – белгілі бір кернеудегі айнымалы токты басқа кернеудегі токқа өзгертуге арналған электромагниттік аппарат. Электр тогының түріне байланысты бір фазалы және үш фазалы трансформаторлар болады.
Бір фазалы трансформатор жеке электротехникалық болат пластиналардан құрастырылған магнит өткізгіштен және екі обмоткадан тұрады. Сонымен бір фазаны өзгерту үшін екі обмотка пайдаланылатын трансформаторларды, екі обмоткалы трансформаторлар деп атайды. Бұл жағдайда обмотканың орамдар саны көп және сымдары жіңішке обмотка жоғары кернеудегі электр тогына жалғанады , яғни бұл обмотка жоғары кернеулі обмотка деп аталады, ал екінші орам саны аз сымдары жуан обмотка төменгі кернеулі жүйе жалғанады, ол төменгі кернеулі обмотка деп аталады.
Басқа тұтынушыларға қосылмай тұрғанда бірінші обмоткадағы кернеудің U1 екінші обмоткадағы кернеуге U2 қатнасы транформация коэффициенті деп аталады. Сонымен қатар кернеулердің өзгеруі орамдардың санына тікелей байланысты.
мұнда U1, U2 - бірінші және екінші обмоткадағы кернеулер;
мұнда W1, W2 - бірінші және екінші обмоткадағы орамдар саны.
Трансформаторлар жоғарылататын және төмендететін болып бөлінеді. Жоғарылататын трансформаторда бірінші обмоткадағы орамдар аз, екіншішісінде көп болады, төмендететін трансформаторларда керісінше.
Трансформатордың магнит өткізгіштері электротехникалық болат пластиналардан жиналады және әрбір пластина изолятормен қапталады. Магнит өткізгіштің обмотка кигізілетін жері стержень деп аталады, ал стержендер ярмомен қосылады. Сонымен бір–біріне байланысқан түйық жүйе –магнит өткізгіш жүйесі қалыптасады. Осы магнит жүйесі өзінің обмоткаларымен майға толтырылған бактің ішіне орнатылады. Мұнда бұл трансформатор майы – трансформаторды салқындатуға және олардың изоляциясын арттыруға жағдай жасайды. Мұндай трансформаторларды майлы деп, ал ауамен салқындатылатын трансформаторларды құрғақ деп атайды.
1– трансформатор корпусы; 2– радиатор; 3- кеңейу багі; 4- төменгі кернеу обмоткасы; 5- жоғарғы кернеу обмоткасы; А, В, С – жоғарғы кернеу изолятор.
4 – сүрет – Үш фазалы трансформатор.
Достарыңызбен бөлісу: |