Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет51/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Әдебиет:
1.Жұқпалы аурулар. Сейітова А.А, Саменова Р.А.
2.Жұқпалы аурулар. Дуйсенова А.К.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1 ККГҚ аурулардың маңыздылығы, таралуы?
2. Біздің аймақта таралуының маңыздылыңы.
3.Коздырғышы, ерекшеліктері?
4.Эпидемиология.
5. Клиникалық белгілірі?
6. Асқынулары?
7. Геморрагиялық синдромның сипаты
8. Негізгі зерттеулер?
9. Емдеу принциптері?
10. Алдын алу шаралары?
11.АИТВ- әлемде таралуы?
12.қандай қауіпті топтарды білесіз?
13.аурудың қоздырығышы қандай?
14.тұрмыстық жағдайда ауру жұғадыма?
15.қандай клиникалық белгілері бар?
16.аурудан қалай сақтану қажет?


ДӘРІС №8
Тақырыбы: Сіреспе. Сібір жарасы. Тілме. Құтыру.
Мақсаты: Білім алушыға аурулардың қоздырғышын және оның ерекшілігін , эпидемиология, клиникалық түрлерін, негізгі зерттеулерді,асқынуларын, емдеу принциптерін, алдын алу шараларын түсіндіру.
Дәріс тезистері:
Түйнеме
(сібір жарасы, антракс, лат.- anthrax pustula maligna; фран.- charbon bacteridien; ағыл.- antrax, splenic feber; орыс.- сибирская язва, злокачественный карбункул) бактериалды зоонозды антропургиялық аса қауіпті, қоздырғышы қарым-қатынас (жанасу) механизмі арқылы берілетін, тері қабатының кабункул тәрізді зақымдалуымен, ауқымды ісікпен, ауыр интоксикациямен сепсистің дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Эпидемиялық маңызы әсіресе, Қазақстанда кең таралған эпидеомиологиялық қауіпті аймақтардың болуына, індетпен күрестің күрделілігіне байланысты (ауруды сапрозоонозды сипатына қарай ). Аурудың клиникалық маңызы- аса ауыр ағымына, процестің сепсиске ұласу мүмкіндігінің жоғарылығына, соған сәйкес өліммен аяқталуына байланысты.
Этиологиясы. Қоздырғышы – Bacillus anthracis ірі, грамм оң , капсула және спора түзетін, факультативті аэробты таяқша. Табиғатта екі түрде – вегетативті және спора түзген кезде кездеседі. Спора түрінде тек абиотикалық ортада ғана, ал вегетативті түрде тек жануарлар және адам организмінде болады.
Микроб капсуласы қолайсыз жағдай туғанда биологиялық ортада түзіледі, яғни қорғаныс факторлары ролін атқарады. Сонымен қатар микроб капсуласы оның инвазивтілігін, дамуын және көбкюін қамтамасыз етеді. Микробтың патогенділігі капсуланың болуына байланысты. Капсуласыз штаммаларды патогенді болмайды. (мысалы, вакциндік штаммалар )
Екінші патогенді фактор – экзотоксин. Экзотоксиннің қабынуын болдыратын, протективті және летальді қасиеттері бар.
Микробтың вегетативті формасы физикалық және химиялық факторлардың әсерінен тез жойылады. Спора түріндегі микробтар өте төзімді. Олар суда бірнеше жыл, топырақта бірнеше ондалған жылдар бойыны сақтала алады. Соралар қолайлы қоректік, температуралық ылғалдылық жағдай туғанда көбейіп, қайта споралық күге ауыса алады. Сөйтіп абиотикалық ортада ошақтылықты сақтап тұрады.
Споралар 120-140 °С құрғақ ыстықта 1-3 сағатта жойылады, автоклавта 180°С – 24 минутта, 1%формалин ерітіндісінде 2 сағатта жойылады, 4% хлораминнің белсіндірлген ерітіндісі, 6%сутегінің асқан тотығы спорациттік әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет