Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет39/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Дәріс №17
 
Тақырыбы: 
Биологиялық білім берудің мақсаты мен мазмұны. 
 
Дәріс жоспары
1. Биологиялық білім берудің жалпы білім беретін мектеп пен арнаулы орта оқу 
орнындағы мақсаты.
2. Биологиялық білім беру мақсаттарын түзудің факторлары мен механизмдері. 
Дәріс мазмұны
Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап –
оқушылардың белсенді іс-əрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. 
Ол біріншіден тек дайын ақпаратты фактілер, заңдар, ережелер күйінде беріп 
қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу 
материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Екіншіден 
оқушылардың іс-əрекетінен деген мұғалімнің іс-əрекетінің көзқарасын өзгертуді 
талап етеді. Яғни мұғалім оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, 
оқытудың ұйымдастырушысы жəне басқарушысы болуы қажет. Ол оқытудың əр 
кезеңінде үй жұмысын тексергеенде, оқушылардың жаңа білімді меңгеруге 
дайындығы кезінде, жаңа білімді енгізіп, оны тұжырымдаған жəне оларға 
сүйенген кезде, алған білімді қорытып, бір жүйеге келтірген ткезде де көрініп 
отыруы керек. 
Оқыту процесінде интенсивті жұмысқа жеке емес, барлық 
оқушыларды қалыптастыруды, яғни оқушылардың іс-əрекетін басқаруды, 
танымдық дəлелдерді қалыптастыратын болжаулар мен гипотезаларды 
тұжырмдап айта алатындай жаңа білімді енгізу кезеңінде шығармашылық 
тапсырмаларды орындауы арқылы жүзеге асырылады. 
Оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекетінің нəтижесі – олардың алынған 
білімді өз бетінше талдап жəне бір жүйеге келтіре алатын шығармашылық 
тапсырмаларды орындауы болып табылады. Деңгейлеп оқыту технологиясында 
оқушылардың ізденімпаздық дəрежесіне сай тапсырмалар ұсынылады. Олардың 
анықтамаларды, ережелерді, заңдарды жəне олардың практикада қолдану 
тиімділігін тұжырымдап айту үшін шығармашылық əрекеттерді орындауға 
бағыттайтын тапсырмалар. Деңгейлеп оқыту технологиясын биология абағында 
қолдануда ІІ-деңгейлік жəне ІІІ-деңгейлік тапсырмаларды оқушының танымдық 
ізденімпаздығын дамытуға бағытталуға тиіс. 
Тапсырмалар жүйесінің негізгі құрылымдық принциптерін атап өтетін 
болсақ: 
1. Тапсырмалар жүйесі оқылатын ұғымдарға, теоремалар мен əрекет 
тəсілдеріне барабар барлық амалдарды қамтуы тиіс. 
2. Тапсырмалар жүйесінде оларды құраушы тəсілдерді біртіндеп 
қиындатуға негізделген жеке амалдар қарастырылуы қажет. 
3. Тапсырмалар жүйесі оқушы жадының, ықыласының т.б. психологиялық 
ерекшеліктеріне жəне оқу процесіндегі жаттығулар қызметінің əдістемелік 
заңдылықтарын ескере отырып құрылуы керек (Груденев, 1993). 
4. Тапсырмалар жүйесінде білім сапасының барлық белгілері көрініс табуы 
қажет (Качество заний учащихся и пути его совершенствования,1978). 


5. Тапсырмалар жүйесі ұғымдар мен теоремаларды оқып-үйренудің 
кезеңдеріне негізделуі керек. 
Тапсырмалар жүйесінің құрылымдықпринциптерін негізге ала отырып, 
биология сабағындақолданылған ІІ-ІІІ –деңгейлік тапсырмалардың біразын 
мысал ретінде келтірейік. Тірек сигналдарының ролін В.О. Шаталов көз жеткізе 
дəлелдеді. Биология сабағында тірек сызбаларды пайдалана отырып, оқушыны 
танып – білуге баулудың мəні зор.
№ 1 – тапсырма 
Тіректі, білім мен білікті нақтылауға арналған тірек-сызба материалдарды 
өз-бетінше игере отырып, ретімен жүйелеп баяндауға, білімді меңгеруге 
мүмкіндік алады. 
Дарвинизм 
палентологиялық 
Эволюция эмбриологиялық 
салыстырмалы тəнтанымдық 
Бұл сызбанұсқадан нені ұғынуға болады? Немесе: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет