Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет37/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

 
Бақылау сұрақтары
1. 
2. 
3. 
 
Ұсынылған әдебиеттер


1.
Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту əдістемесі. Жалпы бөлім: дəріс 
курсы. Алматы, 2010. 
2.
Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту əдістемесі. Қарағанды, 2006. 
3.
Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы. 
Алматы, 1977. 
4.
Никишов А.И.Теория и методика обучения биологии. М., 2007. 
5.
Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии.- 3-
е изд. –М., 1976. 
6.
Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии.- 
Мн., 2004. 


Дәріс №16
 
Тақырыбы: 
Биологиялық білім беру жүйесіндегі тəрбие теориясы.
 
Дәріс жоспары
1. Биологияны оқыту барысында құндылық бағдарларын қалыптастыру 
теориясы.
2. Биологияны оқыту кезінде оқушыларға кəсіби бағдар берудің теориялық 
негіздері.
3. Биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы.
4. Биологияны оқыту əдістерінің теориясы. 
Дәріс мазмұны
Оқушының
 
өзін-өзі көрсетуге қабілетті шығармашылық тұрғыдан дамыған, 
əлеуметтік қалыптасқан жеке тұлға ретінде дамуында саналы танымдық 
ізденімпаздық қызығушылығын биология сабағында арттырудың мəні ерекше. 
Өйткені таным адамның өзін қоршаған ортаның заңдылықтарын өзін-өзі 
табиғатқа қарым-қатынысын білуге, игеруге үйретсе, биология тіршілік туралы, 
оның өзара жəне өлі табиғатпен қарым-қатынасын зерттейді.
Санаулы танымдық қызығушылығы жəне оны жүзеге асыруға ұмтылысы 
танымдық іс-əрекетке негіз болады.
Биология 
сабақтарында танымдық қызығушылықты қалыптастыру 
мақсатында сөзжұмбақ, ребус, анаграмма тағы басқа жиі қолданылады.
Қазіргі оқыту практикасында оқушылардың танымдық ізденімпаздығын 
дамытудың жолдары мен əдістерін қарастырайық. 
Проблемалық оқыту маңызды бағыт деп есептеледі. Ол оқушыларды өз 
бетінше ғылыми ізденіске баулудың негізгі тəсілі, олардың танымдық 
белсенділігі мен шығармашылығын дамыту құралы. 
А.М. Матюшкин мысалы, проблемалық оқытуға қойылатын негізгі талап-
оқушының бүкіл оқу жұмысы жүйесінде оның іске асырылуы тиіс екендігі 
көрсетіледі. Атап айтқанда, проблемалық жағдайдың жеке субъективтік 
қызметтен тыс пайда болмайтынын басшылыққа ала отырып Матюшкин 
теориялық, сарамандық жəне зертханалық тапсырмалар жүйесін пайдалануда 
ұсынады, оларды орындау жаңа білімдерді игеруге алғы шарт жасайды жəне 
игерілетін білімге деген танымдық қажетсінуді туғызады. Мұндай жүйе 
шынында оқушылардың танымдық ізденімпаздығын дамытуға жəрдемдеседі.
Оқу орындарында оқыту процесіндегі бағыттардың бірі-оқушылардың 
өзіндік жұмысн жетілдіру мен байланысты, мұның мақсаты өз бетінше толассыз 
білім алудың қажетті жағдайы ретінде танымдық ізденімпаздықты 
қалыптастыру. 
Оқушылрдың 
биология 
сабағында 
танымдық 
ізденімпаздығын 
қалыптастыру 
проблемаларын 
шешуді 
педагогикалық- 
инновациялық 
технология жүйесін оқыту процесінде тиімді қолдану білу арқылы жүзеге 
асыруға болады. Соның бірі- əр түрлі деңгейлеп оқытк технологиясы.
Оқушының 
биология 
сабағында 
танымдық 
ізденімпаздығын 
қалыптастыруды педагогикалық жаңа технологиялар жүйесінің бірі-деңгейлеп 


оқыту технологиясында танымдық ізденуге арналған тапсырмаларды дайындап, 
қолдана білудуң мəні зор. Жалпы педагогикалық технология – дегеніміз 
тəжірибе жүзінде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің 
жобасы. Жаңа технология жүйесінде əр түрлі деңгейлеп оқыту əдісін 
Қазақстандық мектептер жүзеге асыруда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет