Дәріс №1 Тақырыбы


Оқушының ҒЗЖ мақсаттары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет34/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Оқушының ҒЗЖ мақсаттары мен міндеттері. 
ҒЗЖ оқушы даярлау бағыттарының негізгі білім беру бағдарламаларының 
құрамында, инновациялық қызметтің алуан түрлерін орындауға дайын, жоғары 
білікті мамандар қалыптастыру мен тəрбиелеуге көмектеседі. 
Оқушының ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты болып мыналар 
саналады: 
– аталған пəндік саладағы теория мен практика үшін зор маңызы бар жаңа 
нəтижелер алу; 
– ғылыми шығармашылық методологиясын игеру, шығармашылық ұжым 
құрамында ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын алу; 
– аталған пəндік саладағы обьектілерді (үдерістер, эффектілер, құбылыстар, 
құрылғылар, жобалар) зерттеудің теориялық жəне эксперименттік əдістерін 
игеру. 
Оқушының ғылыми-зерттеу жұмыстарының міндеттері болып мыналар 
саналады: 
– неғұрлым дарынды жəне талантты оқушытарды анықтау, ғылым мен 
техниканың өзекті міндеттерін шешу үшін олардың шығармашылық жəне 
интеллектуалдық əлеуетін пайдалану; 
– оқушылардың ғылыми шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру, 
оларға ғылыми-зерттеу міндеттерін өздігінен шешу əдістемесі мен тəсілдерін 
үйрету; 
– оқушыларды ғылыми зерттеулер жүргізу теориясы мен практикасына оқытуды 
ұйымдастыру; 
– оқушылардың шығармашылық ойлауы мен дербестігін дамыту, алған 
теориялық жəне практикалық білімдерін тереңдету жəне бекіту; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет