Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет32/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Экологиялық тәрбие.
I


Биология курсының мазмұнында оқышылардың табиғатты қорғау 
жөніндегі жұмыстар қарастырылған. Мəселен, «Өсімдіктер бірлестіктері», 
«Жануарлар экологиясы», «Адам жəне биосфера» т.б. тақырптарының 
мазмұнына оқушыларға табиғатты қорғау бойынша жасалатын мемлекеттік 
шаралардың:қорықтар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштерін құру мəнін 
түсіндіретін мəселелер қамтылған. Бағдарламаның бір сыпыра тақырыптарына 
табиғат құрғы мəселесін жүзеге асыру кезіндегі өлке тану тəсілін іске асыру 
көзделген. Биология мұғалімдері оқушыларға өздері тұратын жердегі
өсімдіктер жануарлар бірлестігі туралы баяндап, сол географиялық – 
ландшафты зонаны сипаттайтын табиғатты тұтасымен қорғауға негізделетіндігін 
айтып түсіндіру керек. Биология курсының мазмұны мұғалімнің оқушыларға 
орман , егістік , бақ , саябақтарды, ондағы жануар мен өсімдіктерді қорғау 
қажеттігін түсіндіруге сондай ақ оларды қорғау мен пайдалы өсімдіктер мен 
жануарларды адамның өрбітіп өсіруі қажеттігін дəлелдеуге мүмкіндік жасайды. 
Биологияны оқыту кезінде табимғатты қорғау жұмыстарындағы жетекші жəне 
өзара байланысты екі буынды- қоршаған флораны сақтап қалу жəне оны жүйелі 
түрде байытып отыруды практикалық жолмен бекітіп отыру қажет. Мектеп 
оқушыларына жергілікті пайдалы өсімдік пен жануарларды өздеріне түсінікті
əдістермен түсіндіріп, содан кейін оларды қорғау, санын молайта түсу
жөніндегі көпшілікке арналған шаралар ұйымдастыру қажет.Сабақтан тыс 
уақытта оқушыларды «жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға жəне 
жануарларды күтіп бағуға тағы басқа істерге тарта білген жөн. Бұл еңбек табиғат 
байлығын сақтап көбейтуге ғана, сондай ақ оқушыларды ғылымға, патриотизге, 
адамгершілікке баулитын күшті тəрбиеші болып табылады. 
Біздің жасыл планетамызды əлем кеңістігінде ұшып жүрген алып 
космостьық корабльге теңеу жиі кездеседі. Ал адамзат - осы корабль экипажы деп 
айтылады. Әдемі, ақылды теңеу. Олай болса Жер кораблінің авариялык құткару 
тетігінің жоқтығьн түйсіндіру, экологиялык сана-сезім калыптастыру кажет. 
Осындай сабақтардағы пікірталас жас жеткіншектердің адам, коғам, табиғат 
аракатынасы жайлы пікірлерін аныктап, экологиялык көзкарас калыптастырады. 
Сабақтағы келтірілген мынадай акпараттарды талдау табиғатка деген 
жауапкершілік сезім калыптастырады. Мысалы: 
Ақпарат 
Талдауға арналған сұрақтар. 
«Балық аулауға тыйым салынған» деген 
кестені неге қорғаудың жақсы, дұрыс 
қойылған 
шарасы 
деп 
есептеуге 
болмайды? (Ю.Одум) 
1.Осы сияқты кестелерді неге қорғаудың 
жақсы, тиімді əдісі деп есептеуге болмайды? 
2. Суларды қорғаудын дұрыс шаралары деп
нені есептеуге болады? 
«Қасқыр өлі күйінде жақсы» - деген кең 
таралған ұғым шындықтан аса алшақ. 
( (Ю.Одум). 
Ғалымдар жабайы жануарларды қорғау
санын нығайтудын төрт бағыты бар дейді: 
. а) атып алуды шектеу. 
б) қолдан көбейту 
і в) мекен ортасын жақсарту. 
г) аң шаруашылығы 
1. Ғалымның қөзқарасына келісесіз бе? 
2. «Қасқыр өлі күйінде жақсы» - деген
ұғым неге негізделген? 
3. Бұл көзқарас неге шындықтан алшақ? 
4. Аталған бағыттардың қайсысы маңызды, 
əрі қолданбалы?


Осындай қызу талдау кезінде құбылыстар, деректер сыншыл көзбен 
қаралып, оқушылар өз қорытындыларын дəлелдеп, тұжырымдауға 
ынталасып, жеке тұлғаның өнегелі ержетуіне əсер етеді. Сондықтан 
пікірталас, талдау табиғатты қорғау жайлы мəселелерге 
немқұрайлылықты жеңу, туындаған проблемаларга тиісті шешім іздеуге 
шақырады. 
Адамның табиғатпен байланысы жайлы оқушыларда жинақталған білімі 
мен өмірден алған əсерлерін айқындау орынды шара болып есептеледі. 
Пікірлесу барысында тірі ағзалардың адам үшін жан-жақты маңызын 
оқушылардың сезінуі, жалпы тірі табиғаттың көптүрлілігін оның ішінде өзі 
тұратын аймақ жөніндегі мағлұматгарынан, экологиялық фактор ретіндегі адам 
ролін түсінуі, экологиялық проблемалармен таныстық дəрежесі аныкталады. 
Оқушылардың экологиялық білім игеру барысында олардың кұндылық 
қасиеттері жүзеге асырылады, өсімдіктер мен жануарлардың, табиғи 
ландшафтардьң тек материалдық емес, эстетикалық құндылығы айқындалып, 
олардың адам сезіміне, оның жан дүниесіне əсері адамда қуаныш, рахаттану 
сезімінің оянуына əсері көрсетіледі. Биологияны оқытуда табиғи ортада өзін 
ұстау ережелерінің жуйесі игеріледі. 
Биологияны оқыту мəселелерінде оқушыларда «экономикалык ойлау» 
калыптастыру мүмкіндігі бар, табиғат байлығыи тиімді пайдалану, үнемдеу 
кажеттігін түсіндіру (орман, шалғындык, дала, алкап, су т.б.) адам еңбегі 
нəтижесін жəне еңбекке ықыласты қарым-қатынас маңызын сезіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет