Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет82/88
Дата07.11.2022
өлшемі176,17 Kb.
#156878
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88
Байланысты:
Анат лекция
жүктілік қалқанша без (копия), Акерке , 181-Lectures-6-7-8, Глосарий 61945ab8d4223ce5ef878e63b49ca410, Биофиз 1рк 99 , Требования к внешнему виду медицинского персонала, Требования к внешнему виду медицинского персонала, курстык, коммуникативная компетентность врача, Анатомия теориялық база, Занятие 1 Ознакомьтесь с таблицей. Каковы лексические, морфологи, лейкоз 301б, Нейроинфекции 1, БИОФИЗИКА 2 РК 100 дұрыс
Көзжас аппараты конъюнктивті қапшыққа жас бөліп шығаратын көз жасы безінен және сол безден басталатын көз жасын шығаратын жолдардан тұрады.
Көзжас безі, glandula lacrimalis құрылысы бөлікті, типі ұяшықты – түтікті без, маңдай сүйектің көзжас шұңқырында жатады, оның 5 – 12 шығарушы өзегі конъюктива қабы күмбезінің латералды бөлігіне ашылады, ал бөлінетін көзжас сұйықтығы көз саңылауының медиалды бұрышындағы көзжасы көліне ағып кетеді. Көз жасы көз жасы көлі қасындағы қабақтардың медиалды шетіндегі кішкентай тесіктерге келеді, тесіктерден кететін екі өзекше көз жасы қапшығына құяды.
Көзжасы қабы, saccus lacrimalis – көз ұясы ішкі бұрышының сүйекті шұңқырында жатқан мұрын – көзжас түтігінің жоғарғы тұйық шеті. Көз жас қабының төмен кететін жалғасы көзжасы өзегіне өтіп, мұрын қуысының төменгі қалқаны астында ашылатын мұрын – көзжас түтігін құрайды.


Кіреберіс – ұлу ағзасы, organum vestibulocochleare, екі анализатордан тұрады: 1) тепе – теңдік және гравитация (жердің тарту күшін сезу) анализаторы; 2) есту анализаторы. Олардың әрқайсысының өз рецепторы, өткізгіш жолы және қыртыстық шеті бар. Есту мүшесінің шеткі бөлігі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып 3 бөлімге бөлінеді. Сыртқы және ортаңғы құлақ тек дыбыс тербелістерін өткізуге арналған, ал ішкі құлақта есту анализаторы мен тепе – теңдік анализаторының шеткі бөлімдерін құрайтын дыбыс сезгіш және статикалық аппараттар орналасады.
Есту ағзасы
Сыртқы құлақ, auris externa, құлақ қалқаны мен сыртқы есту өтісінен тұрады.
Құлақ қалқаны, auricula, сырты терімен қапталған серпімді шеміршектен түзілген, сыртқы пішіні мен шығыңқы жерлері шеміршекке байланысты; Бос қайырылған жиегі – құлақ шиыршығы – helix, оған параллель қарсы шиыршық – antihelix, алдыңғы томпақ – құлақ бүртігі, tragus және оның артында жатқан құлаққа қарсы бүртік antitragus деп аталады. Төменгі жағында шеміршексіз құлақ сырғалығымен аяқталады. Қалқанның тереңінде құлақ артында сыртқы дыбыс жолы тесігі ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет