Хромосоманың белгiлi бiр бөлiгiнде орналасқан, тұқым қуалайтын белгi - қасиеттердi
ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзетiн тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бiрлiгi
ген
деп аталады. Альтернативтi жұп белгiлердi анықтаушы жұп гендердi
аллеломорфты жұп
деп, ал жұп болып келу құбылысының өзiн
аллеломорфизм
немесе
аллелизм
деп айтады.
Әр ген екi түрлi жағдайда болады және олар бiр жұп түзедi, ал ол жұптың әр мүшесi
аллель
деп аталынады. Мендель тұқым қуалайтын альтернативтi жұп белгiлердi латын
алфавитiнiң әрiптерiмен көрсетудi ұсынды. Мысалы,
А
және
а
,
В
және
в
тағы сол сияқты.
Аллельдi гендер гомологты хромосомалардың ұқсас бөлiмiнде орналасады, ал олардың
орналасатын орнын
локус
деп атайды. Гомологты жұп хромосоманы параллель қос сызық
( ═ ) арқылы көрсеткен кезде, онда орналасқан аллельдi гендердi бiрiнiң астына бiрiн,
мысалы,
A
A
a
A
және
a
a
деп жазу керек, ал оларды хромосомасыз көрсеткенде
АА, Аа
және
аа
делiнiп жазылады.
Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы
зигота
деп аталатыны белгiлi. Егер зигота бiрдей
аллельдерi бар жыныс клеткаларының қосылуынан түзiлсе, ондай зиготаны
гомозигота
деп, ал әртүрлi аллельдерi бар екi жыныс клеткасының қосылуынан түзiлсе, оны
гетерозигота
деп атайды. Мысалы,
A
A
және
a
a
- гомозиготалар, ал
a
A
- гетерозигота.
Достарыңызбен бөлісу: