Талқылауға арналған сұрақтар
1.
Көп аллельдiлiк дегенiмiз не?
2.
Тиiстi генетикалық символдарды қолдана отырып ата-анасының екеуi де
гетерозиготалы соның iшiнде, әкесiнiң қан тобы
А
, ал шешесiнiкi -
В
болып келетiн
балалардың болуы мүмкiн деген қан топтарын көрсетiңiз.
3.
Егер гетерозиготалы ата-ана (әкесiнiң қан тобы -
В
, ал шешесiнiкi -
А
) дүниеге әр
жұмыртқалық егiздердi әкелген жағдайда екi баланың да қандары
А
тобына жату
мүмкiндiгi қандай болар едi?
4.
Агути үй қоянын шиншилла үй қоянымен будандастырғанда алынған ұрпақ агути
болған.
F
1
-дегi агутидi альбинос үй қояндарымен будандастырғанда алынатын
ұрпақтың фенотиптерi мен генотиптерi қандай болуы мүмкiн?
5.
Моно және дигибридтi будандастыру кезiндегi белгiлердiң ажырауында болатын
ауытқулардың себептерiн түсiндiрiңiз.
6.
Тышқанның терiсiнiң бояуын анықтайтын әртүрлi гендердi зерттейтiн генетик
әртүрлi жеке түстердi беретiн тышқандардың таза линияларын шығаруды мақсат
етiп қойған. Жұмыс барысында ол бiрнеше буын бойы сары тышқандарды өзара
будандастыра берген және барлық жағдайда да ұрпақтарында ерекше бiр басқа
бояудың болатындығын байқаған.
а) Осы мәлiметтерге сүйенiп тышқандардың генотипi туралы қандай қортынды
жасауға болады?
б) Бiрнеше буын бойы жүргiзiлген будандастырулардың нәтижесiнде 184 сары
және басқа ерекше бояуы бар 95 дарабастар алынған. Осы нәтижелердiң негiзiнде
сары бояуды анықтайтын геннiң табиғаты жайлы не айтуға болады?
в) Неге бiрде бiр рет гомозиготалы сары тышқандарды алу мүмкiндiгi болмады?
Дәріс 6.
Аллельдi емес гендердiң өзара әрекеттесуi кезіндегі тұқым қуалау
Дәрістің мақсаты:
Студенттерді аллельді емес гендер және олардың түрлерімен
таныстыру.
Кілтті сөздер:
Аллельдi емес гендердiң әрекеттесуi, қос рецессивтi эпистаз, қос доминантты
эпистаз, комплементарлык әрекеттесу, полимерия, эпистаз, полимерлi гендер, тежегiш ген немесе
супрессор, бiр мағыналы гендер эпистаздық гендер, гендердiң кумулятивтiк әсерi, гипостаздық
гендер (кумулятивтiк полимерия), доминантты эпистаз, кумулятивтiк емес полимерия, рецессивтi
эпистаз, плейотропия.
Достарыңызбен бөлісу: |