келген гендер, одан гамета түзiлу кезiнде қандай да бiр жолмен ажырап кетедi.
Гендердiң жаңа
үйлесiмi бар мұндай гаметалары қалай пайда болды? Демек, олар тек гомологты
хромосомалардың арасында бiр-бiрiмен бөлiмдерiн алмастыру, яғни
кроссинговер
кезiнде пайда
болуы мүмкiн. Сонымен кроссинговер ұқсас (гомологты) хромосомаларда болатын гендердiң жаңа
үйлесiмiн қамтамасыз етедi. Кроссинговер құбылысы да тiркесу
сияқты барлық жануарлар мен
өсiмдiктерге және микроорганизмдерге тән құбылыс.
Кроссинговер тек гендер гетерозиготалы (
ab
AB
) болғанда ғана байқалады. Гендердiң
гомозиготалы
AB
AB
және
ab
ab
қалпында хромосомалардың айқасуын көре алмаймыз, себебi, ұқсас
гомологты бөлiктердiң алмасуы гаметаларда және ұрпақта гендердiң жаңа комбинацияларын
бермейдi.
Хромосомалардың
айқасуы туралы, пайда болған рекомбинанттардың жиiлiгiне
генетикалық талдау жасау негiзiнде ғана, яғни мейоздағы хромосомаларға цитологиялық
зерттеулер және гендердiң жаңа үйлесiмi бар зиготаларға талдаулар жүргiзу арқылы ғана пiкiр
айтуға болады. Тiркесу және айқасуға мысал ретiнде К.Гетчинсонның жүгерiмен жүргiзген
тәжiрибесiн қарастырайық. Тұқымы тегiс, боялған өсiмдiкпен (
Достарыңызбен бөлісу: