Сабақты өткізіп талдаушы: Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



бет1/2
Дата30.01.2023
өлшемі17,18 Kb.
#166863
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Күй өзіндік талдау


Ілияс Жансүгіровтің «Күй» поэмасына өзіндік талдау


Сабақты өткізіп талдаушы: Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бердікеева Перизат Шайзахқызы
Күні: 27.10.2022 жыл
Сыныбы: 11 “Б” сыныбы
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтің «Күй» помасы
Сабақтың мақсаты: а) Поэманың сюжеттік негізіне алынған күй аңызының мазмұнын, қобызшы тартқан «Бозінген» күйі, оның күй тарту шеберлігін тереңірек ұғындыру, ә) Шығарманы талдау арқылы оқушының сыни ойлау дағдыларын, біліктілік қабілеттерін, тілін, шығармашылық құзіреттіліктерін дамыту, б) Өнер құдіретін бағалауға, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге, қазақтың күй өнері мен күйшілігінің құдіретін сезіне білуге тәрбиелеу.





Ескертпелер

Мұғалім пікірі

1

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?





Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.

2

Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?





Зерттеу сабағы (Лессон Стади циклдерінен). Сабақта әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет - өнер екенін түсіндіру үшін, өнер құдіретін бағалауға, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге, қазақтың күй өнері мен күйшілігінің құдіретін сезіне білуге тәрбиелеу үщін топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру), ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) пайдаланылды. Бұл сабақ - жаңа материалды түсіндіру сабағы.

3

Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?
А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?

А) Поэманың басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі сабақтың әр кезеңдеріне бөлініп талқыланды. Алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысы жүргізілді.
Ә) Сауатты, таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттері мен қиялдарын дамыту жүргізілді.
Б) Халықтық педагогика негізінде тәрбиелей отырып, Отанын, отбасын, туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл алған міндеттер байланысып бірін - бірі толықтырып тұрды. Арсений, Иванның,Анисияның сөздік қорлары төмен болғандықтан жеке сөздік жұмысы жүргізілді және оларға оңай сұрақтар қойылды. .

4

Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?



Поэмадағы негізгі кейіпкерлерге талдау жасау барысында оқушыларды жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі әдіс-тәсілдермен жұмыс жасадым. өткіздім.

5

Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.

6

Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.

Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, қорытындылау кезеңінде оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды”.

7

Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?



Поэма мазмұны бойынша шағын шолу (суреттер, хроникалық таблица) жасай отырып, Ким Никита, Головачева Злата сияқты ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға жеке тапсырма берілді, себебі шағын шолуға ілесу үшін үлестірмелі арнайы қағазшалар таратылды.

8

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)

Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар поэманың бөлімдерінен берілген тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.

9

Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет