Ортаның температурасы. Электролиттік диссоциацияның үдерісі эндотермиялық болып табылады: Ле Шателье принципіне сәйкес, ерітіндіні қыздыру (Т) электролиттік диссоциация күшейеді, ал ерітіндіні суыту (Т), керісінше, әлсіретеді. Кейбір электролиттер үшін температураның жоғарылауымен бұл тәуелділік тура пропорционал емес, максимум арқылы өтеді (60º С).
Ерітіндінің концентрациясы. Электролит ерітіндісі концентрациясының кемуі (с) диссоциациялану дәрежесін арттырады (α).
Бұл ерітіндіні сұйытқанда электролит ерітіндісіндегі иондар арасындағы ара қашықтықтың артуымен түсіндіріледі, сәйкесінше, олардың молекуладағы ассоциациялану мүмкіндігі кемиді.
Әлсіз электролиттің сұйытылған ерітіндісі үшін бұл тәуелділік Оствальдтың сұйылту заңымен сипатталады: ерітінді неғұрлым сұйытылған сайын ерітіндідегі әлсіз электролиттің диссоциациялану дәрежесі жоғары болады:
α = √ Кдис/сжалпы
Достарыңызбен бөлісу: |