9.3 ЭД үдерісіне әсер ететін факторлар Электролиттік диссоциация үдерісінің (α, КД) күшеюі немесе (α, КД) әлсіреуі химиялық тепе-теңдіктің ығысу принципі – Ле Шателье принципімен анықталады.
Электролиттік диссоциацияға әсер ететін факторлар
Еріген заттың табиғаты. Еріген заттың полюстілігінің артуы оның судағы электролиттік диссоциация күшейеді және керісінше. Мысалы мына қатарда: NaС1 НС1 H2заттың полюстілігінің кемуі оның ерігіштігін және полюсті еріткіш әсерінен диссоциациялану қабілетін төмендетеді.
Еріткіштің табиғаты. Еріткіштің полюстілігі мен диэлектрлік тұрақтылғының артуы еріген заттың электролиттік диссоциация күшейеді. Натрий хлориді (NaС1) полюсті еріткіште (суда) жақсы диссоциацияланады, ал полюссіз еріткіште (бензолда) диссоциацияланбайды; кобальт хлориді (СоС12)диссоциациялануы спиртке ( = 27,8) қарағанда суда жақсы жүреді ( = 81).