Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Биостатистика негіздері Мақсаты



бет17/17
Дата05.09.2020
өлшемі224,42 Kb.
#77373
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекции

II кезең. Статистикалық мәліметтерді жинақтау (статистикалық бақылау).

Статистикалық бақылау – бұл зерттелетін бірліктерді арнайы медициналық есеп құжатында тіркеу.

Статистикалық бақылау жинақ бірліктерін қамту толықтығына, уақыт бойынша факторларды және зерттеу тәсілдерін тіркеуге жіктеледі.

 

Статистикалық бақылаудың жіктелуі



Жіктелу белгілері

Зерттеу түрлері

Факторларды уақыт бойынша тіркеу

Ағымдық (тұрақты)

Бір жолғы (бір сәттік)




Жинақ бірліктерін қамту толықтығы бойынша

Тұтас

Тұтас емес




Зерттеу әдісі бойынша

Тікелей бақылау

Сұрау арқылы, деректердің белгілі бір бөлігін жинақтау




III кезең. Жиналған мәліметтерді өңдеу:

· Жиналған мәліметтерді есеп құжаттарында толықтығы мен толтыру дұрыстығына тексеру, көшірме нұсқасын жою.

· Әрбір белгінің жанына шартты белгі қою жолымен шифрлау (кодтау).

· Шифрға сәйкес карталарды топ бойынша жайып салу әр топтағы картаны санау.

· Жалпы мәлімет құрастыру, яғни салыстырмалы және жалпылама көлемін алу үшін алдын ала макеті құрастырылған кесте үлгісіне есептеу нәтижесін енгізу.

 

IV кезең. Алынған мәліметтерге талдау жүргізу

Талдау ретті:

· көрсеткіштерді есептеу (орташа және салыстырмалы шамалар);

· алынған мәліметтерді көрсететің графикалық бейнелерді (суреттерді) құрастыру;

· зерттеу нәтижелерін салыстыру;

· берілген зерттеу бойынша тұжырым, қортыныдыны және ұсыныстар жасау.

Бұл кезеңде арнайы статистикалық әдістер қолданылады: стандартау әдісі, корреляция әдісі, дисперсиялық талдау, дискриминантты талдау және т.б.

Медициналық-биологиялық зерттеу үдерістерінде, өте жиі нақты мәселені шешуге қажетті статистикалық әдісті таңдау қиынға соғады.

 

Медициналық-биологиялық есептерді шешуге



қолданылатын статистикалық әдістер:

 


Мәселе

Статистикалық көрсеткіш

Әдіс

Тиістілігін бағалау ...







таңдау нұсқалары

Орташа арифметикалық (M) және жеке нұсқа мәні (x)

Стьюденттің t-белгісі

Айырмашылықтың айқындылығын бағалау ...







белгі көлемі бойынша екі таңдау

орташа арифметикалық (M)

Стьюденттің t-белгісі бойынша, орташа арифметикалықты салыстыру

белгінің құбылмалылығы бойынша екі нұсқа

дисперсия, стандартты ауытқу, вариация коэффициенті

Фишердің F-белгісі бойынша, дисперсияны салыстыру

жалпы екі нұсқа

рангтер

U -Уилкоксонның және Q -Розенбаумнің белгілері бойынша, нұсқа реттігінің дәрежесін салыстыру

эмпириялық теориялық таратулар

нұсқаның кездесу жиілігі

χ– Пирсон белгісі бойынша таралу жиілігін салыстыру

Ықпалдың сенімділігін бағалау …







фактордың белгі шамасына

факториалді және кездейсоқ дисперсия, ықпал етуші күш

F-Фишердің белгісі бойынша, дисперсиялық талдау

бір белгінің екінші белгіге

регрессия коэффициенті

F-Фишердің және t- Стьюдент белгілері бойынша, регрессиялық талдау

Екі белгінің бір біріне (әрекеттетік)

корреляция коэффициенті

t-Стьюдент белгісі бойынша, корреляциялық талдау

 

 

 

 

 

Соңғы кездері статистикалық талдау жүргізу үшін үнемі түрлі компьютерлік статистикалық пакеттер қолданылады.

Клиникалық зерттеу жүргізу тәжірибесі мен дәрілік препараттарды тарату тәжірибесін жүргізуде халықаралық заманауи стандарттары медициналық-биологиялық және фармацевтикалық зерттеулер нәтижесін талдауда статистикалық әдістерді қолдануға жоғары талаптар қоюда.

Мықты статистикалық пакеттердің пайда болуы арнайы математикалық даярлығы жоқ кәсіби тұлғаларға өз пәні саласында талдау жасауға кең ауқымды мүмкіндік берді.

Сонымен қатар статистикалық әдістерді қолдану шығармашылық қызмет болып табылады және кез келген шығармашылық қызмет сияқты талдау әдісі мен алынған нәтижелердің түсіндірілуін таңдауда биостатиктен тек қана биомедицина саласынан ғана емес, математикадан да терең білімінің болуын талап етеді.

Күшті математикалық әдістерді қалай болса солай қолдану жалған тұжырымға әкеледі.

Осыған сәйкес түрлі статистикалық пакеттер ұсынып отырған барлық мүмкін болатын белгілердің ішінен сәйкес келетін белгіні таңдау, алынған нәтижелердің дұрыс түсіндіруде өзекті мәселе болып тұр.

Мәліметтерді талдау үшін статистикалық пакеттердің ішінен келесі үш бағдарлама түрі жиі қолданылады:

1) кәсіби пакет – өте ауқымды мәліметтерді талдауға немесе тар ауқымды мамандандырылған әдістерді қолдануға арналған;

2) әмбебап пакет – статистикалық әдістердің кең ауқымына ие, түрлі пән салаларына талдау жасауға қолданылады (Statistica 6.0, StatSoft);

3) арнайы пакет – әдетте нақты пән саласында жиі қолданылатын аздаған статистикалық әдістерді құрайды. (MedStat, Biostat, CIA).

Әмбебап пакеттер үлкен күшке, кәсіби интерфейске ие, оның әмбебаптығы сәйкес белгіні таңдап алуда және нақты пән саласындағы терминдерді дұрыс түсіну үшін пайдаланушыдан математикалық статистика саласынан жеткілікті дайындықты талап етеді.

Арнайы пакеттер түпкі пайдаланушыға дәл бағытталған, дегенмен олар есептердің тар шеңберіне арналған.

Кейбір әмбебап статистикалық пакеттердің сипаттамасына тоқталайық.

1) SAS жүйесі 1976 жылдан белгілі, кез келген операциялық жүйенің басқаруында жұмыс істеуге қабілетті.

Олар бір бірімен «ақпаратты жеткізу құралы» арқылы біріктірілген 20-дан астам түрлі бағдарламалық өнімдерден тұрады.

SAS негізгі артықшылығы әмбебап пакетер ішінен статистикалық алгоритм жинақтауда озық қуатылығы болып табылады.

Онымен қоса, SAS пайдаланушыға жеке өзінің алгоритмін қосуға мүмкіндік береді.

Бірақ, жүйенің қымбат құны мен аз таралуы, оның Қазақстанда өмір сүру сапасын зерттеумен айналысатын отандық мамандар арасында аз танымал етіп отыр.

2) SPSS пакеты ең алдымен статистик-кәсіби мамандарға арналған. Оның құрамында қуаты бойынша SAS-пен бірдей өлшенетін статистикалық талдаудың дамыған құрылғысы бар.



Windows-қа арналған SPSS бағдарламасын бүгінгі таңда әмбебап пакеттер ішінде көшбасшысының бірі ретінде танып отыр.

Өмір сүру сапасын сұрастыру арқылы шкала түзу алгоритмі SPSS тілінде скрипт түрінде таралған. Мұндай алгоритмді өз бетімен жазуды кез келген маман бастапқы бағдарламашының білімінсіз де үйрене алады.

SPSS-те 50 астам ыңғайлы диаграмма түрлері, сонымен қатар есеп беруді дайындауға арналған дамыған құралдары бар. Аналитикалық параметрлер экранда түсінікті және қарапайым мәзір және диалог терезелері түрінде көрінеді. Онын жаңа «контекстті-ориентирлік» анықтамалық жүйесі маңызды операцияларға арналған қадымды нұсқаулардан тұрады.

Өмір сүру сапасын зерттеуге арналған әдеби көздерде, SPSS-те қолдану жайлы ақпараттар SAS жайлы ақпараттармен бірдей кезеседі.

3) Statistica 6.0 пакетін статистиканы жаңа пайдаланушыға қолданбағаны дұрыс, өйткені ол статистикалық терминологияны меңгеруді қажет етеді.

Дегенмен, отандық нарықта бұл пакеттің танымал болуына септігін тигізіп отырған Statsoft фирма-әзірлеушінің жоғарғы белсенділігінен танымал болып отыр.

Көптеген авторлар Statistica пакетін «қуаттылық/ыңғайлылық» қатынасында жақсы теңестірілген пакет деп санайды.

Қызметтік алгоритмдердің жеткілікті кең спектрі болуы статистик-мамандар үшін оны оңтайлы етеді.

Оның құрамында параметрлік емес талдау әдісі және көп өлшемді талдау әдістері бар. Statistica пакетінде бастапқы деректерді манипуляциялау амалдары жақсы дамыған, мәліметтер жеңіл өңделеді.

Пакеттің мықты жағы графика мен графикалық мәліметтерді өңдеу амалдары болып табылады.

Пакетте графиктердің, матрица мен пиктограммалардың жүздеген түрі берілген графиктің меншікті дизайнын жасау мүмкіндігі бар.

 

4. Иллюстрациялы материалдар:Көрме, слайдтар



5. Әдебиеттер:

1. Савилов Е.Д. Эпидемиологический анализ: Методы статистической обработки материала / Е.Д. Савилов, В.А. Астафьев, C.Н. Жданова, Е.А. Заруднев. – Новосибирск: Наука-Центр, 2011. – 156 с.

2. Ивантер Э.В., Коросов А.В. Элементарная биометрия: Учеб. пособие / Э. В. Ивантер, А. В. Коросов; ПетрГУ. –– Петрозаводск, 2005. –– 104 с.

3. Лях Ю.Е., Гурьянов В.Г., Хоменко В.Н., Панченко О.А. Основы компьютерной биостатистики: анализ информации в биологии, медицине и фармации статистическим пакетом Medstat/ - Д.: Папакица Е.К., 2006. - 214с.

Бақылау сұрақтары:

1. Медициналық-биологиялық зерттеудің қандай негізгі кезеңдерін белесіздер?



2. Биостатикалық есептерді шешуде қандай статистикалық пакеттер қолданылады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет