Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Биостатистика негіздері Мақсаты



бет2/17
Дата05.09.2020
өлшемі224,42 Kb.
#77373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
лекции

Статистикалық берілгендерді жинау дегеніміз зерттелетін жиынтықтың элементтері туралы мәлімет алу үдерісі және олардың қасиеттері. Бұл берілгендер статистикалық өңдеу және талдау жасауға негіз болады.

Екінші кезеңі берілгендерді типіне талдау жасау.



Берілгендердің типтерін класификациялау

 

Берілгендердің негізгі типтері сандық және сапалық және мерзімі деп бөлінеді.



Сандық берілгендер – дискретті (үзілісті) және үзіліссіз болып бөлінеді.

Дискретті берілгендер – тек бүтін сан яғни бөлшек сан болуы мүмкін емес түрде алынған сандық берілгендер. Мысалы: балалар саны және т.б.

Үзіліссіз берілгендер – теориялық жағынан алғанда бөлшек бөлігі болуы мүмкін, үзіліссіз шкалада өлшегенде алынатын берілгендер. Мысалы: дене массасы, бойы, артериялық қысымы және т.б.

Үзіліссіз берілгендер аралық және салыстырмалы болып бөлінеді.



Аралық берілгендер – физикалық мәні бар, абсолюттік шамалары өлшенетін үзіліссіз берілгендердің түрі.

Салыстырмалы берілгендер – белгінің алғашқы күйіне салыстырғанда мәнінің өзгеру (өсу немесе кему) үлесі үзіліссіз берілгендердің түрі. Бұл берілгендер өлшемсіз шама немесе пайызбен өлшенеді.

Сапалық берілгендер – номиналды және реттеуші болып бөлінеді.

Номиналды берілгендер – өлшенбейтін категорияларды шартты түрде бейнелейтін код түріндегі (диогноз коды) берілгендер.

Реттік берілгендер – бір белгінің анық байқалу дәрежесін шартты түрде бейнелейтін (қатерлі ісік ауруларының кезеңі, жүрек талмасының дәрежесі және т. б.) сапалық берілгендердің түрі.

Бұлардың дискретті берілгендерден айырмашылығы аурудың белгісін өлшеу үшін пропорционалды шкалалардың болмауы.



Бинарлық (дихотомиялық) берілгендер – сапалық мәліметтердің ерекше түрі. Мүндай типті белгінің мүмкін болатын екі мәні бар (жынысы, қандайда бір ауру түрінің болуы немесе болмауы).

Берілгендердің ерекше түрі мерзімі болып табылады. Кейде олармен қандайда бір арифметикалық амалдар орындау (екі оқиғаның арасындағы осы оқиғалардың күндері бойынша абсолютті уақыт кезеңін есептеу) қажет болады.

Кейде жоғарыда келтірілген түрлердің дербес жағдайы болып табылатын берілгендердің кейбір ерекше дербес түрлерін бөліп қарастырады: шенін, ұпайлар, визуалды ұқсас шкалалар, цензуралы берілгендер және т.б.

Тереңдетілген статистикалық зерттеу жасаудан бұрын берілгендерге алдын-ала талдау жасау маңызды. Бұл кезеңде теріліп алынған берілгендерді сығу және жүйелеу үшін сызбалы әдістер қолданылады. Бұлар теріліп алынған берілгендерді ерекшелігін бағалау және ауытқуларды анықтау яғни алдағы уақытта талдау жасау үшін қажетті статистикалық әдістерді таңдауға мүмкіндік береді.



Дискреті берілгендер кесте түрінде, бағанды диаграмма, пиктограмма, шеңберлік диаграмма, нүкте суреттері бойынша беріледі.

Үздіксіз берілгендер топтастырылған таңдама, гистограмма, «жапырақты бұтақ» немесе «мұртты жәшік» диаграммасы, Лоренц қисығы және т.б. түрде берілуі мүмкін.

Аралас берілгендер шашырау диаграммасы түрінде берілуі мүмкін.

Берілгендердің сызба түріндегі әдістері.

Статистикалық берілгендері әртүрлі геометриялық фигура түрінде бейнеленген сызбаны диаграмма деп атайды.

Жиі қолданылатын диаграммалардың түрлері:

· Құбыластардың жітілігінің (интенсивтілігі), қатынасының, көрнекілігінің, орташа немесе абсолютті шамаларының өзгеруін көрсеткіш ретінде бейнелейтін диаграмманы сызықты деп атайды.

· Құбылыстардың өзгеруін уақыттың тұйық тізбегі (сөтке, апта, ай, жыл) ретінде бейнелеу үшін қолданылатын сызықты диаграмманың түрін радиалды деп атайды.



Таңдап алынған масштабқа сәйкес құбыластардың динамикасын немесе статикасын бейнелейтін диаграмманы бағаналы деп атайды. Құбыластардың құрылымын айқын экстенсивті көрсеткіштермен және меншікті салмағына сәйкес оның құрамды бөліктерінің түспен бөленуін бейнелейтін тік төртбұрыш түрдегі диаграмманы бағанаішілік деп атайды.

Берілгендерді шамаларының өсуіне қарай кескіндеу үшін және диаграмма мен кестеден тұратын ыңғайлы сызбаны «өркен және жапырақтар» сызбасы деп атайды.

 





1,0







1,1







1,2







1,3







1,4







1,5







1,6







1,7







1,8







1,9







2,0

 




2,1







2,2

 

 

Топ аралығының орта мәніне және осы аралықтың жиілігіне сәйкес келетін нүктелерді қосатын сынық сызбаны полигон деп атайды.



Статистикада квартили деп берілгендерді тең төрт бөлікке бөлітін үш шаманы айтады. Жоғарғы квартиль бұл шамалары ең жоғары болатын берілгендердің бөлігі.

Процентили – вариациялық қатарды 100, ал децили – 10 тең бөліктерге бөлетін шамалар. Екі параллель жақтары берілгендердің жоғарғы және төменгі квартиліне сәйкес келетін, ал тік төртбұрыштың соңынан басталатын сызық ең аз және ең көп мәнін көрсететін тік төртбұрыш түрдегі сызбаны «мұрттары бар жәшік» сызбасы деп атайды.

Таңдама элементтерінің аралыққа түсу жиілігінің сәйкес топ аралығына тәуелділігін сипаттайтын сызбалы бейнені гистограмма деп атайды.



Өлшеу – нысандарды белгілі бір көрсеткіштері немесе сипатына (белгілері, атрибуттары) қарай салыстыру рәсімі.

Шкала – міндетті, қажетті өлшеу рәсімінің элементі.

Медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылатын өлшеу шкалаларының негізгі типтері:

· номиналды немесе атаулар шкаласы нысанның қасиеттерін классификациялауда, оларға сандық, әріптік және басқа символдық сипаттамалар беру үшін (жынысы, ұлты, көзінің, шашының түсі, диагнозы т.б.) қолданылады.

· реттік немесе шендік шкаласы – белгілердін шамасына қарай (Мясников шкаласы бойынша гипертониялық аурулардың кезеңі, Стражеско-Василенко-Лангу шкаласы бойынша жүрек талмасының дәрежесі, Фогельсон бойынша жүректің жеткіліксіздігінің айқындық дәрежісі шкаласы және т.б.) реттейді.

· аралық шкаласы – белгілердің жеке өлшемдерінің ауытқуын (уақыт, температура, тест ұпайлары) көрсетеді.

· қарым-қатынас шкаласы – өлшенген белгілердің қатынасын (бойы, салмағы, реакция мерзімі, тесттегі орындалған тапсырмалар саны) көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет