Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Оқыту процесінің мәні және құрылымы. Оқыту процесінің функциялары



бет36/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

2. Оқыту процесінің мәні және құрылымы. Оқыту процесінің функциялары.
Оқыту – оқушылар тұлғасын, оларда білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып мақсатты қалыптастыру және дамыту процесі. Оқыту процесінің жүйе құраушы түсініктері: оқыту мақсаты, оқыту іс-әрекеті, оқу іс-әрекеті және оқыту нәтижесі. Оқыту процесінің өзгеріп отыратын бөліктері: оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері және құралдары, ұйымдастыру формалары.
Оқыту процесінің функциялары: білімділік, тәрбиелік және дамытушылық, ұйымдастырушылық.
Педагогикалық процестің үш құрылымы болады:
педагогикалық,
әдістемелік,
психологиялық.
Жоғары мектептегі оқытудың құрылымы: мақсатты оқыту, мазмұнды оқыту, құралдар, форма, әдістер, түрлері, оқытудың нәтижесі. Жоғары мектептегі оқыту процесінің құрылымына мынадай компоненттер жатады:
- мазмұндық компонент – жоғары мектептегі оқытудың мақсаты мен міндеттері кіреді; мазмұндық компонент – бұл кәсіптік қызметпен
өзіндік білімдендіру, қарым-қатынас пен іс-әрекетті меңгерудегі білім, білік, дағдыларды анықтайды;
- процессуалды компонент – жоғары білім беру мазмұнын меңгеруде жоғары мектептегі мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру бағытында оқытуды қабылдау құралдары, әдістері, түрлерін сипаттайды;
- бақылау, бағыттау компоненті; нәтижені бағалау компоненті – бұл студенттің жоғары мектептегі оқыту процесінің оқыту нәтижесі мен тиімділік дәрежесіне жетуі.
3. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері.
Оқыту заңдылықтарында оқыту процесінде объективті, мәнді, қажетті, қайталанатын байланыстар бейнеленеді. Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп түсінеміз.
Оқытудың жалпы заңдылықтары:
- оқыту мақсаты,
- оқыту мазмұны,
- оқыту сапасы;
- оқыту әдістері;
- оқытуды басқару;
- оқытуды белсендендіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет