Портфолионың мақсаты
– оқушының білім алу үдерісі бойынша есеп
беру, кеңейтілген білім беру аясындағы оқушының жеке өсуін қадағалауды
қамтамасыз ету, алған білімі мен білігін практикада қолдана алатындығын
көрсету.
Портфолионың педагогикалық міндеттері:
- оқушылардың жоғарғы оқу ынтасын қолдау;
- оқушылардың қалыптасқан білім, білік, дағдыларының деңгейін
анықтай отырып, оқу үдерісіне өзгерістер енгізу арқылы ары қарай
жетілдіру;
- оқушылардың дербестігі мен белсенділігін мадақтап, өздігінен білім
алу мүмкіндіктерін кеңейту;
- оқушылардың өзін өзі бағалау дағдыларын дамыту;
- оқушылардың меншікті оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру және
жоспарлау, мақсат қоя білуге үйренулерін қалыптастыру;
- Табысты даму үшін мүмкіндіктер мен қосымша алғышарттар орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |