Дәрістер кешені 1-тарау Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың


Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары 1. Негізгі



Pdf көрінісі
бет80/110
Дата11.05.2022
өлшемі1,25 Mb.
#141881
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   110
Байланысты:
Д рістер кешені 1-тарау О ушыларды о у жетістіктерін лшемдік б

Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары 1. Негізгі 
ережелер 
1.Осы Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары (бұдан
әрі – Өлшемшарттар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан 
Республикасы Заңының 5-бабының 21 – 3 тармақшасына сәйкес және меншік 
нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру 
ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды анықтау үшін 
әзірленген.
 
2.Осы 
өлшемшарттарда 
мынадай 
ұғымдар 
пайдаланылады:
1) оқыту мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқыту 
курсы кезінде білу, түсіну және дағдыларға қолжеткізу бойынша күтілетін 
нәтижелерді қалыптастыратын пайымдаулар; 
2) өлшемшарттарды бағалау – білім алушылардың оқу жетістіктерін 
оқу процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі нақты 
айқындалған өлшемшарттарымен, білім берудің тиісті мақсаттары және 
мазмұнымен 
салыстыруға 
негізделген 
процесс; 
3) бағалау өлшемшарттары – қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім 
мен білім алушыға оқу мақсатына жеткенін тануға мүмкіндік беретін 
тұжырымдар (табыс өлшемшарттары), жиынтық бағалау кезінде білім алушы 
жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалауға мүмкіндік беретін 
тұжырымдар 
(балдарды 
қою 
өлшемшарттары); 
4) қалыптастырушы бағалау – сабақта немесе үйдегі күнделікті жұмыс 
барысында білім алушылардың ағымдағы игерген білімдері мен қалыптасқан 
дағдылары деңгейін айқындайтын және оқыту барысында білім алушылар 
мен мұғалімдер арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын, білім 
алушыларға жаңа материалды зерделеу кезеңінде тапсырманы қаншалықты 
дұрыс орындағаны мен оқыту мақсаттарына жеткендігін түсінуге мүмкіндік 
беретін бағалау;
5) жиынтық бағалау – оқу тоқсанның аяғында оқу бағдарламаларының 
бөлімдерін оқып аяқтауы бойынша білім алушылардың білімді меңгеруі мен 
дағдыларының қалыптасуы деңгейін айқындайтын бағалау. 
6) жылдық бағалау – оқу жылының соңында қалыптастырушы және 
жиынтық бағалау нәтижелерін қоса алғанда пайыздық арақатынаста білім 
алушыларға 
қойылатын 
баға; 
7) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау нәтижелерін тіркеу 


журналы – қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін тіркейтін, 
тоқсандық және жылдық бағаларды автоматты есептеуді жүзеге асыратын 
құжат;
8) білу – нақты фактілерді, ақпаратты және сипаттамаларды қайта 
жаңғырту немесе есте сақтау қабілеті 
9) түсіну – ақпаратты дұрыс қайта жаңғырту, болжау немесе түсіндіру 
арқылы меңгерілген материалды түсіну және түсіндіру қабілеті; 
10) қолдану – проблемаларды шешу мақсатында меңгерілген 
материалды нақты жағдайларда және жаңа жағдаяттарда қолдану қабілеті. 
Практикалық жұмыс, эксперименттер, проблемаларды шешу мен жаңа 
және/немесе түрлі өнімдер жасау білімді қолдануды көрсетудің тәсілдері 
болып табылады; 
11) талдау – түрткілер мен себептерді, ой қорытындыларын анықтау, 
ортақ ережелерді негіздеу үшін дәлелдер табу арқылы ақпараттық 
материалдарды құрамдас бөліктерге бөлу, ақпаратты зерделеу қабілеті;
12) жинақтау – бөліктерді (идеялар, әлементтер) жаңа мәнмәтінге 
біріктіру, қиыстыру қабілеті, мысалы қолдағы бар мәліметтерді реттейтін 
хабарлама (баяндама, сөз), іс-әрекет жоспары, сызбалар. Оқытудың тиісті 
күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу шығармашылық сипаттағы қызметті 
болжамдайды;
13) бағалау – қандай да бір материалдың (пікірлер, көркемдік 
шығармалар, зерттеу деректері) маңызын бағалау қабілеті;
14) тыңдалым – түрлі тақырыпта ауызша айтылғандардың негізгі 
мазмұнын түсіну; олардан негізгі ақпаратты айырып көрсету; айтушының 
пікірін тани білу; мәнмәтін бойынша сөздің мағынасын айқындау; түрлі 
стратегияларды қолдана отырып, білім алушылардың деңгейлеріне сәйкес 
мәтіндердің әр түрінің мазмұнын қабылдау және түсіну қабілеті;
15) айтылым – түрлі тақырыптардағы әңгімеде сөйлесудің ресми және 
сөйлеу стильдерінің сөздерін қолдану; қажет ақпарат алу үшін анағұрлым 
күрделі сауалдар қою; өз ойын білдіру; күтпеген түсініктерге пікір білдіру; 
құрдастарымен тапсырманы орындау барысында қарым-қатынас жасау; 
арнайы лексиканы сауатты қолдану; тарихты және оқиғаларды қайта айтып 
беру қабілеті; 
16) оқылым – түрлі тақырыптардағы көркемдік және ғылыми 
мәтіндердің негізгі мазмұндарын түсіну, олардың ішінен ақпаратты 
іздестірудің түрлі стратегияларын қолдана отырып түйінді ақпаратты айырып 
көрсету; мәнмәтін бойынша сөздердің мағыналарын анықтау; автордың 
қатынасын және пікірін тани білу; сөздердің мағынасын тексеру және 
оқылғанды түсінуін тереңдету үшін қағаздағы және сандық дереккөздерді 
пайдалану қабілеті;
17) жазылым – түрлі тақырыптарға жазбаша жұмыстарды жоспарлау, 
жазу, редакциялау және түзету; қазір болған және ойдан шығарылған 
оқиғалар туралы, оқылғанға сыни пікірлер жазу; орфографиялық және 
грамматикалық қателер жібермей, барынша сауатты жазу; белгілі стильді 


ұстану; түрлі тізбек-сөздерді қолдана отырып сөйлемдерді параграфтарға 
байланыстыру қабілеті; 
18) портфолио – бұл белгілі оқу мерзімінде білім алушының жеке оқу 
жетістіктерін тіркеу, бағалау және жинақтау тәсілі. Білім алушылардың 
портфолиосы оқу мақсатына жету дәлелі ретінде қалыптастырушы және 
жиынтық бағалау нәтижерін жинақтау үшін арналған. Портфолио мүдделі 
адамдар үшін бағалаудың объективтілігін және ашықтығын білім алушылар 
нәтижелерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет