Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет23/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4
5-11 сынып дәптері, Нур Микробио 9срс
 
Секірудің түрлері 
Секіру.  
Секіру дегеніміз – тізені аздап бүгіп, екі аяқтың немесе бір аяқтың ұшымен бірнеше рет 
ырғақпен  итерілу.  Бұл  жаттығуларды  дауылпаз  соққысының  көмегімен,  қол  шапалақтау, 
музыкалық  сүйемелдеу  арқылы  реттеуге  болады.  Бұл  балаларға  бірқалыпты  қарқынмен 
секіруді, қарқынды тездетуге немесе баяулатуды үйретуге  мүмкіндік береді. Балалардың 
бірқалыпты әрі еркін тыныс алуына, демін іште сақтамауына көңіл бөлген жөн. 


25 
 
Секіру  жаттығулары  біртіндеп  күрделіленеді:  қол  (қапталға,  белге,  иыққа  қою)  мен 
аяқтың  (бірге,  қапталға  созу,  алға,  артқа)  қалпы  өзгереді,  бұрылыстар  қосылады,  жерге 
түсу алаңының аумағы шектеледі (дөңгелек, айналдырадын шеңбер ішінде, сызықта), алға 
қарай жылжып секіргенде қашықтық ұзартылады. 
Бір орында жоғары секіру. 
Бір  орында  тұрып  жоғары  секіру  серпіліс  күшін,  секіру  қабілетін  арттырады,  бұлшық 
еттердің  күшін  шоғырландыру  қабілетін  дамытады.  Бұл  жаттығуды  орындағанда  тізені 
аздап бүгіп, табанды жақсылап жазу арқылы жерден қос аяқтап итерілу қажет. Бастапқыда 
балалар мынадай қателер жібереді: итерілер алдында тізені  қатты бүгіп, төмен отырады, 
алға қарай шектен тыс еңкейеді. Бірақ техника біртіндеп жақсарады: денені тік ұстайды, 
итерілген кезде екі аяқты бір уақытта тіктейді, тізені аздап бүгіп, салмақты аяқтың ұшына 
түсіреді, жеңіл әрі ырғақпен қимылдайды. 
Жоғары  қарай  белсенді  секіру  жаттығуларын  орындау  үшін  балаларға  доп,  орамал, 
таспа  жіп,  қоңырау,  дабыл  сынды  заттарға  қолын  тигізуді  ұсынуға  болады.  Педагог 
биіктікті  баланың  бойына,  оның  қозғалу  мүмкіндігіне  қарай  реттеуі  қажет.  Тиісті  затқа 
қолын  жеткізе  алмаған  балаға  ара-арасында  мүмкіндік  беріп,  сол  арқылы  оның 
тапсырманы  орындауға  деген  қызығушылығын  қолдап  отыру  қажет.  Дабылды  (таспа 
жіпті)  баланың  алдына  ұстаймыз.  Бірақ  оны  басын  шектен  тыс  шалқайтпайтындай  етіп, 
көзге  көрінетін  деңгейде  ұстау  керек.  Себебі,  егер  бала  затты  басынан  асыра  шалқайып 
ұстаса,  секірген  кезде  ол  тепе-теңдікті  жоғалтып,  құлап  қалуы  мүмкін.  Тапсырма 
біртіндеп күрделене түседі. Мысалы: өзінен 2-3 адым алыста тұрған затты алу. 
Тереңдікке секіру. 
 Тереңдікке  секіру  аяқтағы,  әсіресе  табандағы  бұлшық  еттерді  нығайтады,  балаларды 
жүгіріп келіп секіруге үйретеді. Бұл жаттғыулар кезінде қос аяқпен бір уақытта серпіліп 
итерілу,  табанды  жазу  және  жерге  дұрыс  түсу  қабілеті  дамиды.  4-5  жастағы  бала  үшін 
тереңдікке секіру секірудің өз бетінше орындалатын түрі болып табылады. Оған қоса, бұл 
қабілет  тепе-теңдік  сақтау,  өрмелеу,  қимыл-қозғалыс  ойындарын  қорытатын  қимыл 
ретінде де жиі пайдаланылады. Оның табиғи кедергілерден өтудегі маңызы да жоғары. 
Секірер алдында бала төмен отыруға, кейде тіпті, алға қарай еңкеюге тырысады. Жер 
жақын  болғандықтан  бала  онша  қорықпайды.  Алайда,  бұл  қалыппен  тереңдікке  секіру 
қиын.  Себебі,  төмен  отырған  кезде  дененің  салмағын  көтеріп,  жерден  итерілу  үшін  көп 
күш  талап  етіледі.  Уақыт  өте  келе  балалар  тәжірибе  жинақтап,  бұл  жаттығуларды  тік 
тұрып орындайтын болады. 
Педагог бастапқы қалыпты көрсетіп, оны дұрыс сақтауға үйретуі  тиіс: аяқтың арасын 
сәл ашып, тізені аздап бүгеміз, денені тік ұстаймыз, басымызды көтеріп, қолымызды сәл 
артта  ұстаймыз.  Балалар  алға-жоғары  күшпен  итерілгенде  –  ұшу  кезінде  тізесін  жазып, 
қолдарын алға қарай көтеріп үлгереді.  
Жерге  аяқтың  ұшымен  түскеннен  кейін  табанын  толық  басып,  тепе-теңдік  сақтайды. 
Басы мен денесін тік ұстап, алға қарап тұруға тырысады. Қолды қатты қыспай, еркін әрі 
бос ұстайды. Бұған жаттығуларды жиі-жиі қайталау арқылы қол жеткізуге болады.  
Ұзындыққа секіру. 
Бір  орында  тұрып  ұзындыққа  секіру  бірнеше  қозғалыс  қабілетін  талап  етеді:  секірер 
алдында  аздап  отыру;  аяқтарды  жазып,  бір  уақытта  қос  аяқпен  тез  әрі  күшпен  итерілу; 
жерге түскенде тізесін сәл бүгеді, түзетеді, табанын толық басып тұрады. 
Жерден  итерілмес  бұрын  бастапқы  қалыпты  сақтап  тұру  қажет:  аяқтың  арасын 
шамамен  10  см  ашамыз,  табандар  бір-біріне  параллель  бағытта,  тізені  аяқ  ұшының 
деңгейінде  бүгеміз.  Денені  алға  қарай  аздап  еңкейтеміз,  дененің  салмағы  ақырындап 
табанның  алдыңғы  бөлігіне  ауысады,  қолдарымызды  артта  ұстаймыз.  Жерден  итерілген 
кезде  дененің  салмағы  алға  қарай  ауысады,  аяқтар  тез  бүгіледі,  денені  күшпен  түзетіп, 
қолдарымызды  алға-жоғары  көтереміз.  Ұшу  кезінде  аяқты  бүгіп,  қолды  төмен  түсіру 
қажет. Денені алға жібереміз. Жерге түскен кезде аяқты аздап бүгіп, аздап отырамыз. Ал, 


26 
 
қолдарымызды  алға-жоғары  созамыз.  Секіру  аяқталған  кезде  тіктеліп,  қолды  төмен 
түсіреміз. 
Ұзындыққа  секіруде  жақсы  нәтижелер  көрсету  үшін  сызықтар,  құрсаудан-құрсауға, 
төмпешіктен-төмпешікке ізбе-із секіру жаттығуларын дәл орындап үйрену қажет.  
Секіртпемен секіру.
 
Секіртпемен  секіру  төзімділікті  арттыруға  ықпал  етеді,  ырғақты  сезінуге  көмектеседі, 
жүрек-қан  тамыры  және  тыныс  алу  жүйесін,  аяқтағы  бұлшық  еттерді  нығайтады.  Қысқа 
секіртпемен  секіргенде  балалар,  әсіресе,  қыз  балалар  асқан  белсенділік  пен  табандылық 
танытады.  Олардың  басым  бөлігі  секіру  жаттығуларын  өз  бетінше  үйреніп  алады  және 
көпке  дейін  алаңда  секіріп  жүреді.  Секіртпемен  секіру  жерден  күшпен  итерілуді,  аса 
биікке секіруді талап етпейді. Сондықтан жерге түскен кезде аяқ бүгіліп, келесі серпілісті 
орындауға  дайындалады.  Жерден  итерілгеннен  кейін  аяқтың  ұшын  созып,  денені  тік 
ұстайды. Секіртпені иықты қозғалтпай, қолдың ұшымен айналдыру қажет.  
Қысқа  секіртпемен  секірген  кезде  балалар  бастапқыда  аяқ  пен  қолдың  қозғалысын 
үйлестіру жағынан қиналады. Мұнда қолды айналдырып, ал аяқпен тігінен секіру қажет. 
Секіртпені қолдың басын айналдыру арқылы айналдырамыз. Ал балалар қолдың басын тік 
ұстайды. Бұл секіртпенің айналу жылдамдығын төмендетеді. Кей балалар секіртпені тым 
жоғары  көтеріп  айналдырғанда  аяғына  тигізіп  жатады.  Жаттығудың  орындалу  деңгейін 
жақсарту үшін оның жасалу жолдарын көрсетіп, жаттықтыру қажет. 
Секіртпені меңгергеннен кейін бала бастапқы қалыпта тұрып (секіртпе артта), оны алға 
тастайды,  қолымен  ұстап  тұрып  айналдырып  тұрып,  бір  аяқпен,  сосын  екінші  аяғымен 
секіреді. Кейін қос аяқтап секіруді үйренеді. Бастапқыда жеңіл секіру қиындық тудырады. 
Бала төмен қарай иіледі, басын төмен түсіреді, тізесін бүгіп, денесін қысып ұстайды. 
Секіртпемен  секіруге  үйретуді  жеңілдету  үшін  мынадай  тәсілді  ұсынуға  болады:  бала 
бір орында ырғақпен қос аяқтап секіреді және сонымен бір уақытта екі қолымен қысқа жіп 
немесе  екі  бүктелген  секіртпені  айналдырып  тұрады.  Секіртпелерді  жерге  түсірмей, 
үздіксіз  айналдыру  қажет  және  айналу  қарқынын  өзгертуге  болмайды.  Педагог  жоғары 
секіру  мен  жіптің  жерге  тиген  уақыты  бір-біріне  сәйкес  келуі  керектігін  түсіндіреді. 
Негізінен 4-5 жастағы балалар үшін секіртпемен секіру қиындық тудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет