214
Шеңберге сал
Алаңның екі жағына мұз үстіне екі кішкентай шеңбер қояды. Балалар жүгіріп келе
жатып текшені шеңберге салады, екіншісі текшені алады т.б.
Ойынды қиындатуға да болады. Мысалы: бала бір жерде заттарды алады, екінші
жерде – қалдырады. 2 немесе 4 зат пайдалану үшін балаларды залдың екі шетіне, бір-
біріне қарама-қарсы бағытта орналастыру қажет және ойынды қарсы эстафета түрінде
ұйымдастырған жөн.
Кім бірінші?
Ұзын алаңның ортасында кегель, ойыншық пен текше тұрады. Залдың екі жақ
шетінде тұрған балалар жарысады. Педагогтің командасы бойынша әркім өз жолымен
жүгіреді. Затты бірінші алған бала жеңіске жетеді.
«Үйіңе» асық
Алаңға әртүрлі бағытта 20 кегель орнатылған (әр түстен 10 кегельден). Команда
берілген кезде екі баладан шығып, өз кегельдерін жинауға кіріседі. Кегельдердің бәрін
жинап алып, өз «үйіне» бірінші болып оралғандар жеңеді.
№5
ҚОСЫМША
Достарыңызбен бөлісу: