Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет511/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   507   508   509   510   511   512   513   514   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

«Тауық қорадағы түлкі» 
Залдың  бір  жақ  шетінде  тауық  қора  орналасқан  (гимнастикалық  орындықтарды 
пайдалануға болады). Қорада тауықтар балапан басып жатыр. 
Залдың қарсы бетінде – түлкінің ұясы. Қалған бос орынның бәрі  – аула. Ойынға 
қатысатын  балалардың  бірін  түлкінің  орнына  сайлайды.  Қалған  балалар  –  тауықтар. 
Педагогтің  белгісі бойынша тауықтар секіріп түсіп, аулада жүгіреді, қанаттарын қағады, 
дәнді тұмсықтарымен шоқиды. «Түлкі» деген белгі берілген кезде тауықтар қораға қарай 
қашып,  орындарына  отырып  алады.  Ал,  түлкі  тауықтарды  қолға  түсіруге  тырысады. 
Құтылып  үлгермеген  баланы  өзінің  ініне  алып  кетеді.  Түлкі  2-3  тауықты  қолға 
түсіргеннен кейін басқа түлкі сайланып, ойын қайта жалғасады. 
 


215 
 
«Адасқан доп» 
Жүргізушіден басқа балалардың бәрі  бір-бірінен қол созым жерде  шеңбер құрап 
тұрады.  Олар  үлкен  допты  бір-біріне  береді.  Жүргізуші  ойынның  сыртында  жүгіріп 
жүреді.  Допқа  қолының  ұшын  тигізуге  тырысады.  Егер  қолын  тигізсе,  сол  кезде  допты 
ұстап тұрған ойыншымен орын алмасады. Ал, ойыншы шеңберің сыртына шығады. Ойын 
қайталанады. 
Ойын тәртібі: балалар допты бір-біріне берген кезде орнынан шығып кетпеуі тиіс. 
Жүргізушінің  шеңбер  ішіне  кіруіне  тыйым  салынады.  Допты  қалаған  бағытқа  қарай 
беруге  болады.  Бірақ  оны  тек  қасында  тұрған  балаға  ғана  береді.  Ойын  басталған  кезде 
доп  жүргізуші  тұрған  тұстан  бастап  беріледі.  Допты  түсіріп  алған  бала  жүргізушінің 
орнына тұрады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   507   508   509   510   511   512   513   514   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет