Сәбит Мұқановтың Сұлтанбек ісін өз дүниетанымы мен таптық мүддесі түрғысынан бағалауы
Ең алдымен - Сұлтанбек — комсомол… санасы бар шәкірт. Комсомол кісі әйелді меншікті мүлкім, менің әйелім өлгенше менімен ғана бірге болу ‘керек деп өмірінде айтпайды. Әйел тату тұрса ғана,— әйел. Кетемін десе,— ешбір еркектің зорлап ұстауға қақы жоқ. Өйткені әйел — еркектің, меншікті мүлкі емес… Кеңес өкіметі әйелді еркекпен теңгерген. Олай болса, безген Бәтиманың маңдайынан Сұлтанбек сипап қоя беру керек еді. Ол өйтпеді. “Махаббат” дегенді тауып алып, ақырында Бәтима тиген Мұстапаны өлтірді. Мұстапа да өзіндей жас, әрі талпынып келе жатқан талапкер еді. Қара басынын, қамы (!) бір азаматты өлімге қиды. Ендеше біздің айтарымыз — Сұлтанбек 1) комсомолдың қасиетті атын былғады; 2) әйел тендігіне қол сұқты; 3) Мұстапаны қатеден емес, қастап өлтірді. Бұл жұмыстың бүгінгі коғам тұрмысына залалы күшті. Егерде мұндайларға қатты жаза берілмесе, басқалар да үлгі алып, көңліне жақпаған адамды аңсары ауған күні өлтіріп тастай беруі мүмкін…
Қосымша Ә
Достарыңызбен бөлісу: |