Тіл дамыту жұмысының психологиялық және лингвистикалық ерекшеліктерін ашыңыз.
Сауат ашуға даярлық кезінде тіл дамыту жұмыстарының алатын орны ерекше. Баланың дамуы әрекеттерімен (ойын, оқу, еңбек) оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесінде жүзеге асады. Мектепте баланың қарым–қатынас шеңбері кеңейе түседі. Қарым–қатынас жасайтын адамдардың көбеюі баладан қарым–қатынас жасауды толық меңгеруді талап етеді. Баланың күрделене түсетін әрекеті тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды, тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді: 1) басқа адамдармен араласу кезінде жетіледі, 2) психологиялық процестерді қайта қараудың негізі, 3) тіл – ойлау құралы. Оқу үрдісінде тілді дамытудың негізгі 4 кезеңін жүзеге асыру көзделеді: 1) баланың сөдік қорын молайту, 2) грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге үйрету, 3) байланыстырып сөйлеуге үйрету, 4) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.әліппеге дейінгі кезеңде баланың тілін дамытуға оқулықтағы тақырыптық сюжетті иллюстративті жеке суреттердің атауларын білу, сол сөздердің мағынасын түсіну арқылы сөдік қоры байиды, ал тақырып бойынша көргендерін жетекші сұрақтар арқылы әңгімелеу, құралған сөйлемдердің мағынасы сол тақырпқа сай болуы керек, құрылымы үйлесімді болуы керек. Ондағы сөөздердің өзара байланысының үйлесуі әр баланың қабылдау қабілетіне, алған әсеріне байланысты. Көбіне тілден ой жүйрік болғандықтан, ойға тіл ілесе алмайды. Бұл мүмкін сөдік қордың жеткіліксіз болуынан, ойын жеткілікті түсінікті тілмен, оқиғаға ене отырып, көңіл–күй ырқына жеткізе мәдениетін қалыптастырудың ең тиімді жолы коммуникативтік әрекет үстінде ұстамдылық кезеңінде басталады. Бала сөйлеуінің мынадай типтері осы даярлық кезеңінде жүзеге асады. 1) ситуациялық сөйлеу (жағдаяттық сөйлеу) 2) диалогтық сөйлеу (сұхбаттық) 3) сызбаға сәйкес сөз ойлап таптырту. 4) сол сөзге ұқсас сөз таптырту. 5) сөзге мағынасы қарама–қарсы сөз таптырту. 6) түбірге сөздер ойлап таптырту. 7) берілген бір сұраққа бірнеше сөзбен жауап қайтаратындай жағдай туғызу. 8) сөздің тобын жалпылама сөзбен айта білуге үйрету. 9) жалпы атауға кіретін сөздер. 10) сөздің жекеше, көпше мағынасын білдіретін сөздерді таптырту. 11) заттың түрін, түсін, пішінін, сапасын таптырту. 12) заттың санын, ретін білдіретін сөздерді таптырту.
Достарыңызбен бөлісу: |