Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Кеспе таратпаларды пайдаланудың тиімді жолдарын атаңыз



бет32/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

Кеспе таратпаларды пайдаланудың тиімді жолдарын атаңыз

Сауат ашу кезінде балалардың тілі мен ойын дамыту жұмысының міндеттерін сипаттаңыз

Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас ұрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі – жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасуы керек. Алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:



  1. оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі;

  2. сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінде сергіту минуттары өткізіліп отырады;

  3. баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады;

  4. үйге тапсырма берілмейді;

  5. апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады;

Сауат ашу – аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мыналар:

1. Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау;

2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі дыбыстарды айқын естіп, анық айтуға үйрету;

3. Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;

4. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуге үйрету;

5. Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп, оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;

6. Дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудың каллиграфикалық талаптарын сақтап, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі байланысу тәсілдері бойынша, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді кқшіріп және естігенін жаза білуді жетілдіру;

7. Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту;

Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының өзгешелігі – оқыту ісі, талдау және жинақтау процесінің бірлігінен тұратындығында.

Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдыларының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту. [4]

“Әліппеге” дейінгі кезеңде, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде балалардың тілін дамыту сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.

“Әліппеге” дейінгі кезеңде заттарды тегіне, түріне, т.б. белгілері бойынша балалардың сөздік қоры жүйеленеді. Бұл кезеңдегі басты міндет – оқушыларға байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, сөздің, дыбыстың ерекшеліктері туралы ұғым беру.

Даярлық кезеңі – сөйлеммен танысу: сөйлеуді – сөйлемдерге, сөйлемді – сөздерге, сөздерді – буындарға, буынды – дыбыстарға бөлуді үйрету, яғни, талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі.

Дыбыстар, олардың рөлі, дыбыстық құрылысы әр түрлі сөздерді талдау, дауысты және дауыссыз дыбыста, олардың естілуі мен айтылуындағы ерекшеліктер, жуан және жіңішке, дауыссыз дыбыстардың, айтылуымен естілуіндегі ерекшеліктер.

Қолды жазуға дағдыландыру: сурет салу, сызықтарды сызу, ою-өрнек, имек жиектер жасау, ирек сызықтар сызу, кіші өрнектердің элементтерін жазу, жазу техникасының ережелерімен танысу, әріп элементтерін сызық бойымен жазу, жазу кезеңінде дұрыс отыру, дәптер бетін бағдарлау, т.б.

“Әліппені” оқу кезеңінде оқушылардың нақтылы дыбыстарды оқытып, таңбасын жазуға үйретуде, сөздік жұмыс бірінші кезекке шығады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты принципі – оқушылардың лексикалық материалды меңгеріп, оны сөйлеу тілінде қолдана білу. Сөздік жұмысын жүргізудің ұтымды жағы оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде сөзді зат есім, сын есім, есімдік формасындағы сөйлемдерден беру. Мысалы: Бұл – үй. Бұл – үлкен үй. Бұл – қызық кітап, т.б. Сөздік жұмысы сабақта арнайы сабақ болып жүргізіледі. Әліппені оқытқан кезде оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Бұл кездегі тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы, сөйлем құрастыру, байланыстарып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады: бірі – оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулып, ойлау қабілетін жетілдіру, екіншісі – жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сөйлем құрастыруға үйрету, оқушыларды өз ойын дұрыс құрылған сөйлемдер мен жүйелі айтып немесе жазып баяндауға даярлайды. [5]

Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық талаптар мұқият орындалуы тиіс. Ондай талаптардың негізгілері мыналар:

1. Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті болуы тиіс. Оқу материалдарының бәрі де бала үшін өте жеңіл болу керек. Оқыту барысында – балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынбау.

Сауат ашу кезеңіндегі негізгі оқу материалдары: жеке сөздер, сөз тіркестері, шағын сөйлемдер. Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл болса, оны оқуда, жазу да қиын болмайды. Оқушыларға сауат ашу кезеңінде нақты ұғымды білдіретін сөздер ұсынылады.



2.Көрнекілік.Сауат ашу сабақтарында қойылатын негізгі педагогикалық талаптардың бірі – көрнекілік. Бұл – бастауыш мектептің тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс. Бастауыш сыныптарда сабақтардың бірде-біреуі де көрнекіліксіз өткізілмейді. Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншықтар, түрлі заттық үлгілер, плакаттар, оқу-техникалық құралдар, түрлі дидактикалық материалдар сабақ сапасын арттырады.

Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану – мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.



3. Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады.

Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру талаптарына сай болуы керек.



4. Жеке-дара жұмыс. Әрбір оқушымен жеке-дара жұмыс – сауат ашу жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі дайындықпен келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып, мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді. Онсыз мектеп бағдарламасының барша балаға бірдей білім беру талабын ойдағыдай орындау қиын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет