2.1.7 Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарын анықтаңыз
Бастауыш мектептерже жүргізілетін тіл дамыту жүмысы негізінен мынадай мақсаттарды коздейді: 1) оқушылардың байқағыштық ойлау қабілетгері мен тілін, дүниетанымын дамыту, ор нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде оз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету; 2) оқушыларға қазақ эдеби тілі нормасына сай, оз сезімін, ойын дурыс жазып бере алатындай, дағдылар, біліктер қалыптастыру; 3) оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын корын, тамаша сырлы, коркем де нэзік соз байлығын қолдана білуге жэне оны сезініп, қүрметтей білуге торбиелеу; 4) қазақ тіл ғылыми табысы негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмүндама мен шығарма жүмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып үсыну; 5) шығарма мен мазмүндама мотіндері аркылы балаларды оз Отанына берліген шын патриот, бір-біріне достық, туысқандық рухта, бауыластык сезімге, қоғамымызға саналы да белсенді қызмет ете білуге торбиелеу.Ғалымдар тәрбиенің негізгі мектепке дейінгі кезеңде қаланады деп санайды.Сро тәрбиенің бір түрі-тілдік тәрбие.Тіл-адам өміріндегі ең күшті құрал.Мектеп жасына дейін тілі дамымаған бала мектепте жақсы оқи алмайды.Ол баланың келешегіне жағымсыз әсер етеді.Бұл мектепалды даярлау тобы баласының тілін дамыту,байланыстырып сөйлеуге үйретудің мемлекеттік дәрежеде маңызды мәселе екенін дәлелдейді.
\Байланыстырып сөйлеу тілі – өз алдына жалпы сөйлеу тілінің күрделі түрі болып табылады. Байланыстырып сөйлеу – тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір – бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізе біледі.
Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасауға, заттық және әр түрлі ойын әрекеттерінде, ойлау әрекетінің көрнекі-заттық түріне, естуіне, көруіне, иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына үлкен назар аудару қажет. Осымен бірге ересек адамның сөйлеу тілі баланың фонематикалық есту қабілетінің, белсенді сөз қорының, сөздің мағынасын түсінуінің дамуына өз үлесін қосады.
Сөздік қор мен грамматикалық қатардың дамуы қайталау арқылы меңгеріледі. Баланың грамматикалық қатардағы тілді меңгеру процесі күрделі және көпқырлы екенін сипаттай келе А.И. Гвоздев ең алдымен баланың нақты және оңай категорияны тез меңгеретіндігін жазды.
Басты назарды баланың сөйлеу тілінің негізгі түрі – қарым-қатынас түріне аудару керек. Себебі, ол баланың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуының бірден-бір тәсілі. [1,29]
Балалар заттың атын атап айта білуімен қатар, оны сипаттай білулері қажет. Т.А.Фотекованың айтуынша, байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуында, сөйлеу тілі мен ақыл ойдың дамуын анық көрсететін тығыз байланыс болады. Әрбір жеке адамның сөйлеу тілі, ойлау әрекетінің ерекшелігіне, темпераментіне, жан-жақтылығы мен басқа да психикалық даму жақтарына байланысты ерекшеленеді. Сөйлеу әрекетін әр түрлі танымдық әркеттерімен, әсіресе ойлауымен байланысты қарастыру жөн. Сондықтан да сөйлеу тілі ойлаудың негізгі құралы болып табылады.
Белгілі бір хабарды, мәліметті ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізу үшін, семантикалық ережелерді ескеру қажеттілігі туындайды. Олар сөздердің байланысын оның мағынасымен анықтайды. Нәтижесінде сөздер алынып, хабарлама немесе мәлімет қысқа да, нұсқа айтылады.
Сөйлеу тілінің күрделі жағына ауызша байланыстырып сөйлеуді жатқызамыз. Оған мағыналық, құрылымдық сөйлеу тіл бөлімдері тән. Басқаша айтқанда, ауызша байланыстырып сөйлеу – бір немесе бірнеше сөйлемнен тұратын бірғана тақырыпқа бағытталған және нақты күрделі құрылымды иеленетін біртұтас сөйлем жүйесі. Байланыстырып сөйлеу сөйлем сияқты жоғарғы деңгейде комуникация қызметін атқарады. Ауызша байланыстырып сөйлеу екі жақты үрдіс ретінде жүзеге асады: сөйлеу дағдылары (экспресивтті сөйлеу тілі) және өзгелердің сөйлеу тілін түсіну дағдылары (импрессивті сөйлеу тілі). Экспресивті сөйлеу формалары екі түрге бөлінеді: монологты және диалогты сөйлеу тілі.
Ойды байланыстырып сөйлеу арқылы жеткізе білудің бір түрі, үнсіз іштен сөйлеу болып табылады. Ол да байланыстырып сөйлеу тілінің бір түріне жатады. Бұл механизм психологияда – іштен сөйлеу деп аталады. Осы әрекетті жүзеге асырып барып, дұрыстылығына көз жеткізгеннен кейін ғана, өз ойын ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізуге болады.
Л.С.Выготский диалогтың, сөйлеудің, әңгімелесудің жаңа түрткісінің әрбір сәті ауызекі сөйлеуді құрады деп жазды. Әңгімелесуді ұйымдастыру кезінде баланың сөйлемдерді толық айтуына, сондай-ақ сөйлеу байланысын оқуға даярлаудың жолының бірі диалогқа талаптану керек. Ауызша сөйлеу тілінің байланыстылығы лексикалық, грамматикалық, интонациялық әдістерді дұрыс қолдану арқылы жүзеге асады. Оларға есімдік, есімдікпен үстеу тіркесі, шылау, көмекші сөздер, етістіктің шырайлары, кірме сөздер, толық емес сөйлемдер, лексикалық бірлікті жеке-жеке қайталау, фразалы синонимдер, әртүрлі интонациялар жатады. Грамматикалық сабақтарда байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың негізгі ағымына мәтіннің грамматикалық, синтаксистік және орфографиялық талдаулары жатады. Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері балабақшаларда тіл дамыту сабақтарында диалогты ұйымдастырудан басталады.
Ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің мынадай түрлері қолданылады: сұрақтарға толық, кең көлемді жауап беру, оқылған ертегі, мәтінді қысқаша шолып айту, суреттерге қарап өз тәжірибе негізіне сүйене отырып сөйлем құрастыру, бақылаудағы объектіні суреттеу.
Сосын әңгімелеу түрін көрнекіліктерді біртіндеп азаю тәртібінде орналастыру:
* Көрсетілген іс-әрекет бойынша әңгімені айтып беру;
* Көрсетілген іс-әрекет бойынша әңгіме құру;
* Фланелографты қолданумен әңгіме құру;
* Сюжетті суреттер қолданумен әңгіме құру;
* Бір сюжетті суретті қолданумен әңгімені айту;
* Бір сюжетті суреттен әңгімені айту.
Ауызша байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, дамыту тапсырмалары келесі міндеттерді орындау қажет:
Оқушыларда сөйлеу қажеттілігін туындату. Бұндағы ең басты маңызды фактор,түрткі – қызығушылық. Балалардың игеріліп жатқан материалға қызығушылығы. Басқа сөзбен айтқанда заттар мен құбылыстарды қабылдау баланың тек интеллектуалды ғана емес, эмоционалды сферасын да қамту қажет.
Тұжырымдағы логикалық байланысы мен жұмыс. Тіл дамыту сабақтарында мәтіннің мазмұнының логикалық байланысы сюжетті сурет сериясымен жүзеге асады.
Тұжырымдамаға тән тілдік құрылым. Бұл міндеттердің шешімі балалар ең алдымен өздеріне қажетті сөздік пен синтаксистік құрылымды игереді. Екіншіден, олар арнайы тілдік құралдарды игереді. Бұл талаптар сөздік жұмыс көмегімен орындалады, яғни балалардың сөздік қорын дамыту, молайту жұмыстары. Тұжырымдау мақсатында балалар алдына нақты нұсқау беру және сол нұсқау негізінде әңгіме құралады.
Тұжырымдауды ұйымдастыру. Бұл құрылған зат бөлімдері немесе сурет, сызбалар негізінде жүзеге асады. Сөйлеу тіл іс-әрекетін қажетті деңгейде белсендіруді қысқа мәтін ретінде жүзеге асыруға болады. Сурет кезектілігін айтуда балаларға 3-4 сөйлемді кезегімен айтуға мүмкіндік береді.
Ауызша байланысқан тұжырымдарды көп қайталау, жаттықтыру, сонымен қатар жаттығу түріндегі әр түрлі тақырыптарды қолдану, мәтін мазмұнын айту, заттарды суреттеу және т.б.
Баланың байланыстырып сөйлеуін тексеру үшін төмендегідей әдістерді қолдануға болады:
1.Суреттер бойынша әңгіме құрастыру, сөйлем құрау
2. Сериялы сурет бойынша әңгіме құрастыру
Нұсқау: Суретке қарап, оларды ретімен қойып әңгіме құрастыр
3. Мәтінді тыңдап мазмұнын айту
Нұсқау: Мен қазір әңгіме оқып беремін, сен мұқият тыңдап, есіңе сақтап мазмұнын айтып беруің керек.
Мәтін екі реттен көп оқылмайды.
Арнайы әдебиеттерде байланыстырып сөйлеудің бірнеше критерийлері қарастырылады. Олар: байланыстылығы, кезектілігі, логикалық-мазмұндық жағы, яғни оның тақырыпқа сәйкестілігі, толықтылығы.
Кейінгі әдебиеттерде (Р.И.Лалаева, Т.А.Фотекова) байланыстырып сөйлеудің қалпы төмендегідей критерийлер бойынша бағаланады:
Мазмұндық тұтастығы – мазмұнның негізгі бөліктері дұрыс кезектілікпен, тақырыпқа сай берілген, себеп-салдары толық ашылады.
Әңгіменің лексикалық-грамматикалық өңделуі, дұрыс қолдануы, сөздерді мағынасы, ұқсастығы бойынша шатастыру, алмастырудың байқалмауы, аграмматизмнің болмауы.
Тапсырманы өзбетімен орындауы – әңгімені өз бетімен бірден орындауы.
Осы аталған критерийлер бойынша баланың байланыстырып сөйлеуінің даму деңгейі қорытындыланады.
Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда төмендегі әдістерді,тәсілдерді қолдануға болады:
«Сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөйлем құрау»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын анықтау, сөз байланысын қалыптастырып, дамыту.
Қажетті көрнекіліктер: сюжетті суреттер
Өткізу тәсілі: Балаға әртүрлі әрекетті білдіретін сюжетті суреттер ұсынылады.
Нұсқау: «Суреттен не көріп тұрсың?»
«Суретте кім бейнеленген?»
«Қыз/бала не істеді немесе не істеп жатыр?».
Балалардың сөз байланысын дамыту мақсатында қосымша сұрақтар қойылып отырады. «Қыз суретті немен салды?», «қыз ненің суретін салды?», «көйлектің түсі қандай?», «нені жуды?», т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |