3 1 8 Ғылыми мақалалар мен очерктерді оқыту туралы анықтаңыз.
Бастауыш сынып оқушыларында ғылым салаларынан хабар беру және табиғат құбылыстары, еліміздегі бұрын болған және қазіргі қоғамдык алуан түрлі оқиғалар туралы мағлұматтарын толықтыру мақсатымен оқулықтарда ғылыми мақалалар берілген. Мүндай мақалаларды оқудың ерекшеліктері бар. Олар:
1. Тақырыптың не нәрсеге арналатыны анық көрініп тұрады және оның мазмұны, мақсаты болады. Мысалы, тақырыбы еңбек процесіне немесе адамдардың әлеуметтік түрмысына т.с.с. арналса, ол мақаланың мақсаты осы туралы дәл мағлүматтар беру болып табылады.
2. Ғылыми мақалалар бір құбылыстың ерекше белгілерін корсетіп қана коймайды, сонымен қатар оның баска қүбылыстармен, фактілермен байланысын корсетеді, оны пайдалануға үйретеді. Сондықтан ғылыми мақалалардың мазмүнын айтканда логикалық тосілдер пайдаланылады. Мысалы, Ақселеу Ссйдімбектің 2 сыныптағы "Түлкі түгінен жазған" мақаласын ойлаудың индукция тәсілімен түсіндірген жөн. Онда түлкінің не істегені жөнінде фактілер тізіліп көрсетіледі де, соңында "Мен күшіктері үшін мұншалықты есті тірлік жасап жүрген түлкіге қайран қалдым " деген қорытынды шығарылады.
3. Ғылыми мақалалардың тіл ерекшелігі де болады: арнаулы терминология, сөзді дәл қолдану, сөйлемдердің синтаксистік құрылысының қатаң тәртіпте болуы т.б. Алайда мұндай ерекшеліктерге қарап ғылыми мақалаларда балалар үшін бейнелі тіркестер мүлде кездеспейді екен деген ұғым тумасқа тиіс. Мысалы, "Аққулы көлде" (С.Сейфуллин), "Гүлдер көбелектер" (Ө.Тұрманжанов) т.с.с мақалаларда лирикалык элементтер мен бейнелі тіркестер молынан ұшырайды. Сонда да болса, ғылыми мақалаларға тән ерекше белгілер бар.
Ғылыми мақалалар мен очерктер такырыптық жағынан ұқсас. Очерк — бір нәрсеге қысқаша мәнерлі сипаттама беретін әдеби шығарма. Ғылыми мақалалардан ерекшелігі — очерк көркемдік сипатта жазылып, сюжетке құрылады. ("Қаһарлы күндерде", "Мерген қыз", "Азаттық сақшысы" т.б.).
К.Д.Ушинский ғылыми мақалаларды логикалық оқу деп атайды. Бұл өте дүрыс. Өйткені мақалалар коркем шығармалардағыдай, бірден оқушының сезіміне әсер етіп, кейіпкерлердің іс-әрекетімен балаларды еріксіз еліктіріп әкетпейді, зейінді, ерік күшін талап етеді.
Мақалаларда немесе очерктерде әдетте мүлде жаңа фактілер беріледі, сондықтан оқуға кіріспес бұрын міндетті түрде дайындық жұмысы керек. Мұнда бірде біз балаларды мақалалардан жаңа ұғым алуга дайындаймыз, яғни оқуға деген қызығушылық сезімі туып, мақаланы қабылдауға балалар толық дайындалады. Екіншіде балаларды мақаланы қабылдауға ғана дайындап қоймаймыз, дайындық кезінің өзінде білім береміз. Мысалы, 4 сыныпта "Сырым батыр" мақаласын оқымас бұрын Сырым батыр деген кім екенін, ол қай кездерде өмір сүрген адам, мақала неге "Сырым батыр" деп аталғанын т.с.с. мәселелер жөнінде түсінік бермей, мақаланы оқудың пайдасы аз.
Дайындык жұмысынан кейін мәтін оқылады. Егер мәтін қысқа болса, түтас оқылады, онымен жұмыска дайындалады. Оқушылар мәтінді оқығаннан кейін берілген сұрауларға жауап қайтарып, тапсырмаларды орындайды. Мұнда мәтін бойынша қандай жұмыс жасайтындары дайындық кезінде ескертіледі.
Мақала окылу барысында екі рет талданады. Бірінші оқығанда сөздердің мағынасы, кейбір фактілер анықталып, болімдердегі басты ойды аңғару мәселелері жөнінде жұмыс жүргізілсе, екінші рет оқылғанда фактілердің арасындағы байланыстарди табу, қорытынды жасау жұмыстары жүргізіледі. Кейбір жағдайларда мақаланың мазмұнын меңгерту үшін үшінші рет оқытуға болады.
Ғылыми мақалаларды оқытуда терминдер мен қорытындыларға ерекше көңіл ауларылады. Терминдер, түсінуге ауыр сөздер мен тіркестер қайта оқытылады. Дайындық жұмысы кезінде оларға берілген анықтамалар қайталанады, қорытындыланып, талқыланады, егер анықтамалар қысқа болса, тақтаға жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |