«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы



бет30/91
Дата05.05.2020
өлшемі465,86 Kb.
#65830
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91
Байланысты:
экономика бизнес лекция

Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады:

Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV—XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У .Стэффорд, Т.Мэн, Д.Норс жатса, Францияда А.Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.

Ақшаның металдық теориялары сауда буржуазиясының мүддесін қорғай отырып, олардың саяси экономиядағы бағыты — меркантилизмді көрсетті. Осы теорияға сәйкес байлықтың көзіне сыртқы сауданы жатқызды. Төлем балансының активті қалдығы ғана елге бағалы металдардың келуін қамтамасыз етеді деген.

Ертедегі метализм теориясының қателігі, біріншіден, байлықтың көзіне адам еңбегімен жасалатын материалдық игіліктер емес алтын мен күмістің жатқызылуы, екіншіден, айналыстағы қағаз ақшаларды металл ақшаларға алмастыру қажеттігін жоққа шығарғандығымен сипатталады.

Капиталдың бастапқы қорлануы аяқталуымен байланысты олардың көзқарастары өзгеріп, яғни байлықтың көзіне сыртқы сауда мен бағалы металдар емес, мануфактура мен ауыл шаруашылығы жататындығына көздері жетті. Соған сәйкес ішкі нарыққа көңіл аударылып, металл ақшалардың ұлтқа қымбатқа түсетінін түсінді.

XIX ғ. екінші жартысындағы ақшаның металдық теориясының қайта тууы 1871—1873 жылдардағы Германияда алтын монета стандартының енгізілуімен байланысты болды. Бұл — ақшаның металдық теориясының бірінші метаморфозасы. Неміс экономистері (К.Книс және т.б.) ақшаға бағалы металдармен қатар, орталық банктің банкноталарын да жатқызды. Сол уақыттары ақшаның металдықтеориясы инфляцияға қарсы бағытталған ақшалай реформаларды негіздеу үшін пайдаланылды.

Ақшаның металдық теориясының екінші метаморфозасы бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Оның өкілдері алтын монета стандартын қалпына келтіру қажеттігін мойындай отырып, алтын монометализмінің жаңа қысқарған нышандарын: алтын құйма және алтын девиз стандартын енгізуге арналған өздерінің теорияларын жасады.

Ақшаның металдық теориясының үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды.

Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ

Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес бағаның көптеген түрі қолданылады.

Ақша тек айналыс құралы қызметін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар ол төлем құралы қызметін де атқарады, сондықтан несие қатынастарының дамуына байланысты ақша айналысы заңының формуласы мына түрге көшеді:

Айналыста болатын ақша мөлшері мынаған тең болады: сатылуға тиісті тауарлар бағасының сомасына (ТБ), несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы (Кр), төлеу мерзімі жеткен төлемдер (Т), өзара өтелетін төлемдер сомасы (ӨТ), ал осының бәрі белгілі бір ақша өлшемінің айналым санына бөлінеді (АС).

Инфляцияны қалыпқа келтіру шаралары бар. Олар: девальвация және ревальвация.

Қағаз ақшаның ресми құнын өзінің тұрақты қалпына келтіруді – девальвация дейміз. Ашық және бүркемелі жолдары бар. Девальвация шараларының негізгілері: ұлттық ақша өлшемінің алтындық мазмұнын кеміту; шетел валюталары мен қатынас курсын төмендету; толық құнды несие билеттерін шығару, бағасы төмендеген ақшаларды айналымнан алып тастау; айналымдағы қағаз ақшаны ресми төмендету мақсатымен ақша реформасын жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет