Мереке шошак



бет1/2
Дата22.02.2018
өлшемі0,7 Mb.
#38095
  1   2
Мереке ШОШАК,

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
МӘТІНДІК РЕДАКТОРЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазіргі кезде дербес компьютер құжаттар мен мәтінді даярлауда кеңінен пайдаланылады. Компьютер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды даярлау үрдісінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді:

  1. Компьютердегі мәтінді түзетуге, оған мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әртүрлі құжаттарды бір-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарын экранның ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша данасын болсада шығаруға болады.

  2. Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.

  3. Мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде орналастыруға болады.

  4. Қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды сканер арқылы өткізіп, танымдық бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.

  5. Стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

Бұл айтылғандарды жүзеге асыру үшін, мәтіндік редакторы қолданылады. Мәтіндік редактор қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға пайдаланылады.

Мәтіндік редакторды оқытудағы ең басты көрнекілік компьютер болып табылады. Мәтіндік редакторды іске қосып, оның функцияларын практика арқылы іс жүзінде көрсету. Оқушы мәтіндік редактордың функцияларын толық игеріп болғанда біз оқыту мақсатына жетеміз.

Мәтіндік редакторды оқытудың мақсаттары:


  1. Оқушыларды ЭЕМ-ді пайдаланудың қарапайым әдісі – мәтінмен жұмыс істеуді орындауға дайындау, тыңғылықты жұмыс істеу дағдысын қалыптастырыу;

  2. Мәтіндерді компьютерлік өңдеудің артықшылықтары жайлы болжам қалыптастыру;

  3. Мәтінмен жұмыс барысында өзінің әрекетін ойша реттеу іскерлілігін, яғни алгоритмдеуін қалыптастыру;

  4. Қандай да бір әрекетті саусақпен орындаудан бұрын ойлау дағдысын бекіту.

Жалпы мәтіндік редакторды оқытудағы мақсат оқушыларды мәтіндік редактордың функцияларын игерту. Осы мақсатта оқушылардың өз бетімен жұмыс жасай білу дағдыларын дамытуға, шығармашылық қабілетін арттыруға көмек жасау. Осы арқылы оқушыларды шапшаңдыққа, ойлау қабілетінің дамуына, ізденімпаздққа, өзіндік ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Мұғалім ең алдымен өтілетін тақырыптың оқу бағдарламасына көрсетілген сағат санына назар аударып, төменде келтірілген кестедегідей күнтізбелік тақырыптық жоспарын құру керек (1-кесте және 2-кесте).






Тақырыптың аты

Сағат саны

1

WordPad мәтіндік редакторында жұмыс істеу

1

2

WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

1

3

Windows’ХР-дің Блокнот бағдарламасымен танысу

1

4

Барлығы

3

1-Кесте 7-сыныптың WordPad және блокнот мәтіндік редакторларын оқытуға арналған күнтізбелік тақырыптық жоспары.




Тақырыптың аты

Сағат саны

1

MS Word іске қосу. Мәтіндік құжат құру

2

2

Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмесін алу

2

3

Мәтіндік құжаттарды баспаға шығару

1

4

Практикалық жұмыс.Мәтінді пішімдеу, көшірме алу

1

5

Кесте құру жолдары

1

6

Практикалық жұмыс. Қарапайым және күрделі кестелер құру

1

7

MS Word - тың графикалық мүмкіндіктері. Суреттерді кірістіру

1

8

Қайталау. Қорытынды сабақ.

1

9

Барлығы

10

2-Кесте 8-сыныптың MS Word мәтіндік редакторын оқытуға арналған күнтізбелік тақырыптық жоспары.


Жалпы мәтіндік редакторларға арналған әртүрлі сабақ жоспарлары және оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында келтірілген тест сұрақтары да «Информатика негіздері» журналында көптеп кездеседі. Дегенмен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегі тапсырмаларды берсек артық болмас деп ойлаймын:

1) Дұрыс жауаптарды жасыл түспен, қате жауаптарды қызыл түспен бояңдар (Сөйлемдерді өздері теріп жазады).



2) Сурет салу «Рисование» панелін қолданып «Автофигура» режимінде келесі пішіндерді салыңыз.

3) Күрделі кесте құрыңыз: (екі тәсілін қөрсету).



Сатылым нәтижесі

жыл

2008

тоқсан

1

2

3

4

Кіріс

Сатылған

99

178

156

78

Баға

4

4

5

6

Нәтиже

396

712

780

468

Шығын

Материалдар

0.75

0.75

0.75

0.75

Еңбек шығыны

0.25

0.25

0.25

0.25

Тасылғандар

130

150

170

120

4) Word графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, төмендегідей мақтау қағазын жасаңдар:





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет