Отбасында әлеуметтену үрдісінің үш өрісі: Біріншісі – белсенді іс-әрекет. Баланы еңбек арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Еңбектену кезінде бала адамзат тарихы жасап келген тәжірибені, құндылықтар жүйесін іс-әрекет тәсілдерін игере отырып, сол ортаның белсенді мүшесіне айналады. Осы жағдайда өте маңызды тағы да үш түрлі үрдістер жүзеге асырылады. Біріншіден, әртүрлі іс-әрекет түрлері мен оның формаларының арасындағы байланыстарды игереді. Осыдан туындайтын екінші үрдіс – өзі таңдаған, жетекші іс-әрекетке баса назар аудара отырып, басқаларын соған бағындырады. Үшінші үрдіс, іс-әрекет барысында бала жаңа рөлдерді игереді және олардың маңыздылығын түсінеді. Осының бәрі баланың болашақта өз ісінің шебері болуға, іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасуына тиімді ықпал етеді.