Тақырып 1 Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Дәріс 1
Қарастырылатын мәселелер
1. Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам.
2. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық.
3. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар.
4. Әлеуметтену және бірегейлік
1. Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам. Қоғамның әрбір мүшесі үшін әлеуметтік білімдерді меңгеру маңызды болып табылады. Соңғы жылдары әлеуметтану ғылымы дербес ғылыми пән ретінде басқа ғылымдардың арасынан орнын тапты. Әлеуметтану адамзаттың тарихи тәжірибесін, әлеметтік әлемнің маңызды қырларын қарастырады. Әлеуметтануды зерттей отыра, адамзат қоғамының құрылымын ұғынамыз. Питер Бергердің «Әлеуметтануға шақыру»1 еңбегінде, ғалым әлеуметтану ғылымын әлеуметтік әлемге ашылатын терезе ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше, әлеуметтік институттарға талдау жасай отыра, әлеуметтік тәжірибені меңгереміз. Өзімізді қоршаған қоғам, біздің сезімімізді, көзқарастарымызды, тағдырымызды айқындайтынын ұғынамыз. Яғни, әлеуметтану ғылымын зерттеу, қоғамның заңдылықтарын түсініп, өзіміздің мінез-құлқымыз және іс-әрекеттеріміздің себеп-салдарын айқындау үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |