«Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәріс жинақтары-Шымкент: ОҚМУ, 2019



бет44/99
Дата04.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#130694
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   99
Байланысты:
социология лекция

«Әлеуметтік бақылау» - терминін айналымға алғаш рет енгізген Г.Тард оны бастапқыда қылмыскердің қоғамдық қызметке қайта оралуының құралы ретінде қарастырған болатын. Шет ел әлеуметтанушылары Ф.Знанецкийдің, Р.Лапьердің, Д.Мартиндейлдің, У.Томастың еңбектерінде әлеуметтік бақылау проблемасы әуел бастан индивидтердің мінез-құлқындағы қоғам үшін қажеті жоқ ауытқуларды жою проблемасымен және мінез-құлықты реттеу құралын жасаумен жалғасқан болатын. Әлеуметтік бақылау проблемасын бұл әлеуметтанушылар әлеуметтік институттар жүзеге асыратын оңтайлы, әлеуметтік ықпалдар және адамдардың мінез-құлқын сол әлеуметтік жүйенің қарым-қатынастарын реттейтін нормаларға бейімдеу мақсатында ауытқуларды жөндейтін өзгерістер деп түсінді. Әлеуметтік бақылау теориясын Э.Росс пен Р.Парк жасаған. Э.Росстың пікірінше, әлеуметтік бақылау дегеніміз «салауатты» әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қоғамның жеке адамның мінез-құлқына мақсатты ықпал етуі. Р.Парк әлеуметтік бақылауды әлеуметтік күштер мен адам табиғаты арасындағы белгілі бір арақатынасты қамтамасыз ететін құрал деп түсінеді. Ол әлеуметтік бақылаудың үш нысанын бөліп қарайды:
қарапайым (мәжбүрлеуші) санкциялар;
қоғамдық пікір;
әлеуметтік институттар.
Т.Парсонс әлеуметтік бақылау проблемаларына және әлеуметтік жүйенің орнықтылығы мен ықпалдасушылығын қамтамасыз ету құралдары ретіндегі нормаларға ерекше назар аударған. Ол әлеуметтік бақылаудың үш құралын бөліп қараған:
1. Оқшаулау нормаларды бұзушыға (девиантқа) қатысты қолда­ны­лады және оны жөндеуді көздемейді. Мұндай әдіспен түзелмейді делінген қылмыскерлерге ықпал жасалады.
2. Шеттету құқық бұзушының байланыстарын шектеумен байланысты, бірақ оны қоғамнан толық оқшаулауды көздемейді. Бұл оған өзінің қоғам нормалары мен заңдарын ұстануға дайындығы мен қабілетін байқаған кезде қоғамға қайтып оралуына мүмкіндік береді.
3. Құқық бұзушыны жөндеу, оны қалыпты өмірге және өзінің әлеуметтік рөлін атқаруға қайта оралуына дайындау. Көптеген түзету орындарында, психиатиярлық емханаларда оңалту бағдарламалары кеңінен қолданылады, ал әлеуметтік қызметкерлер әлеуметтік қамсыздандыру органдарында, түрлі қоғамдық ұйымдарда ынтымақтаса отырып, құқық бұзушыларды оңалтумен айналысуда. Бұл ұйымдардың полициядан, соттан, бас еркінен айыру орындарынан айырмашылығы, девианттық мінез-құлықты қаскүнемдік жауыз ниет емес, әлеуметтік сәтсіздік, өзінің еңбек және өзге қабілеттерін қолдана алмау проблемасы ретінде қарауға бейім, әрқашан құқықтық санкцияларды емес, қолдауды, жанашырлықты, мейірімділікті, көбінесе емдеуді талап етеді. Сондықтан олар әлеуметтік-психологиялық, медициналық және өзге алдын алу шараларына, тұлғаға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған.
Сонымен, тұлғаның қалыптасуы өзара байланысқан бірқатар деңгейлерді - адамның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және дүниетанымдық қалыптасуын қамтитын күрделі процесс болып табылады. Әлеуметтену институттары адамға мінез-құлық үлгілерінің мәдени нормаларын үйретіп қана қоймай, әлеуметтік нормалар мен рөлдердің қаншалықты берік, терең және дұрыс меңгерілгенін де бақылап отырады.
2. Девианттық мiнез-құлық мәселелерi әлеуметтiк жанжал теориясының негiзiнде қарастырылады. А. Коэн әлеуметтiк топтарға нақты қауiптi оның ұйымшылыдығын қалыптастырып, топтық нормалардан оның мүшелерiнiң ауытқуын азайтады, және сонымен қатар ауытқитын мiнез-құлық жасайтын топтың мүшелерiне қатысты топтық репрессияға ұшырататындығы басым көрiнедi. Жанжал теориясына қатысты, әлеуметтiк жүйедегi мiнез-құлықтың мәдени бейнелерi ауытқитын мiнез құлық болып табылады, егер ол басқа мәдениеттiң құндылықтарына негiзделген болғанда. Девианттық ауытқитын мiнез- құлық теориясы арнайы социологиялық теория ретiнде құрылымдық функционализм теориясының аясында дамиды. Р. Мертон аномия теориясын қолдана отырып, девианттық мiнез-құлық теориясын мәдениеттiң жасайтын мақсаттарымен әлеуметтiк-ұйымдасқан оларға жету жолдарының құралдары арасындағы пайда болған келiспеушiлiктер деп түсiндiредi. Оның пiкiрiнше әртүрлi топтар үшiн бiркелкi емес мақсаттарға жетудiң ресми жолдары қоғамның ресми құрылымымен қамтамасыз етiледi, және осылардың функционалдық жетiспеушiлiктерi мақсатқа жету үшiн қолданатын бейресми құрылымдардың пайда болуына негiз болады.
Девиантты мінез-құлық түсінігі Э.Дюркгеймнің атымен тығыз байланысты. Э.Дюркгейм бойынша девиантты мінез-құлық қоғамдағы жалпы қалыптасқан нормалардан ауытқуы.
Девиантты мінез-құлық теориясының өзін бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:
Теориялардың бірінші тобына био-антропологиялық және био-медициналық концепцияларды жатқызамыз. Девианттылықтың себебі туа біткен немесе жүре біткен физиологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктер.
Теориялардың екінші тобына девиантты мінез-құлықтың экономикалық теорияларын айтуға болады.Девианттылық экономиканың жоғары дамуымен немесе төмен құлдырауымен пайда болады.
Теориялардың үшінші тобына «мәдениеттер мен субмәдениеттер арасындағы қайшылықтар теориясын» (Т.Селлин, А.Коэн), «бақылау теориясының» әлеуметтік-психологиялық нұсқасы (М.Гольд, А.Райс), аномия теориясын жатқызуға болады.
Теориялардың төртінші тобына қоғамдағы тұрақсыздықтың, ұйымдастырушылықтың құлдырауының нәтижесіндегі жаһандық себептерді айтамыз.
Девианттылықтың ең алдымен синхронды және диахронды түрлерін бөліп көрсетуге болады. Синхрондық девианттылық – қоғамдағы девиацияның тең бөлінуі; диахронды – жылдам динамика, ауытқушылық мінез-құлықтың тез бой көтеруі.
Ауытқушылықтың сонымен қатар, төмендегідей түрлерін көрсетеміз:
Реактивті – психотравмалық жағдайларға негізделген.
Тұлғаның төмен моральдық деңгейімен байланысты.
Құштарлық патологиясы (садиз), биологиялық факторларға негізделген.
Ал, көптеген ғалымдар девиацияны екі негізгі бағытта қарастырылады:
Қылмыстың пайда болу формасы бойынша – деликвентті, үйден қашу, босқыншылық, маскүнемдік, суицидтік мінез-құлық.
Себептерге байланысты – биологиялық факторлар, сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық негіздер, әлеуметтік орта, жасөспірімдік кезең мерзіміндегі психологиялық ерекшеліктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет