Сенімхат: ұғымы, түрлері және нысаны
Сенімхат дегеніміз бұл - бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші (сенім білдірілген) адамға берген жазбаша уәкілдігі (АК-ның 167-бабының 1-тармағы). Бұған дейін айтып өткеніміздей, өкілеттіктер жеке құжат - сенімхатта, сондай-ақ өкілдікті белгілеу туралы шарт - тапсырма беру шартында, коммерциялық өкіл шартында және т.с.с. баянды етілуі мүмкін. Өкілеттік шарттың талаптарына қосылатын реттерде шарттың өзі сенімхат болады. Мұндай шарт заңның шартқа қоятын барлық талаптарына сәйкес болуға тиіс. Жеке жазбаша құжат - сенімхат біржақты мәмілеболып табылады. Сондықтан сенімхатқа мәміле жөнiндегі заңдардың барлық ережелері қолданылады. Сенімхат берудің сипаты бір адамның - сенім білдірушiнiң (өкілдік берушінің) ерік білдіруінің және екінші адамның - сенім білдірілген адамның (өкілдің) ерік-жігер әрекеттерінің бар екенін көрсетеді. Сондықтан сенім білдіруші мен сенім білдірілген адам толық әрекетке қабілетті болуы тиіс. Сенім білдірушіде немесе сенім білдірілген адамда әрекет қабілеттілігінің болмауы немесе шектеулі болуы сенімхаттың жарамсыздығы немесе тоқтатылуы үшін негіз болады. Сенімхаттың түрлері. Заң мәміленің ерекше түрі — сенімхат үшін оның міндетті жазбаша түрі болуын көздейді.
Жалпы ереже бойынша, сенімхат, жай жазбаша түрде жасалуы тиіс. Мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты, егер заң құжаттарыңда өзгеше белгіленбесе, нотариат куәландыруға тиіс (АК-ның 167-бабының 2-тармағы).
АК-ның 167-бабының 3-тармағына сәйкес, нотариат куәландырған сенімхаттарға:
госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілердің және өзге де адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінің бастықтары, медицина бөлімі жөніндегі орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлері куәландырған сенімхаттар;
мемлекеттік нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық әрекет жасайтын органдары жоқ әскери бөлімдер, қүрамалар, мекемелер және әскери-оқу орындары орналасқан мекендердегі осы бөлімдердің, қүрамалардың, мекемелердің, оқу орындарынын командирлері (бастықтары) кәуландырған әскери қызметшілердің сенімхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызмепшлердің, олардың отбасы мүшелері мен әскери қызметшілер отбасы мүшелерінің сенімхаттары;
бас бостандығынан айьтру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған сенімхаттары;
Достарыңызбен бөлісу: |