Емтихан сұрақтары Еңбек құқығының пәні және әдісі,қағидалары, қайнар көздері


Меншік құқығын қорғаудағы азаматтық құқықтық қорғау тәсілдерінің түсінігі



бет26/31
Дата22.06.2020
өлшемі0,62 Mb.
#74241
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Азаматтық құқық толық

Меншік құқығын қорғаудағы азаматтық құқықтық қорғау тәсілдерінің түсінігі

Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды корғаудың азаматтық-кұқыктық тәсілдері ұғымы және жүйесі . Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы, оның ішінде меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтары әртүрлі құқықтық салалармен: қылмыстық, әкімшілік, қаржы және басқа салалармен қорғалады. Мүліктік құқықтарды қорғау жүйесінде азаматтық құқық маңызды рөл атқарады, себебі мүліктік құқық құқықтың бұл саласының тікелей объекгісі болып табылады. Сонымен қатар азаматтық құқықтың өзі меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтарды әртүрлі тәсілдермен қорғайды.

Меншік құқығын және өзгедей заттық құқықтарды меншік иесінің, заттық құқық иесінің құқықтары деп қорғауды кең магынада алсақ, ол азаматтық құқықтардың барлық субъектілерін қорғаудағы барлық тәсілдермен жүзеге асырылады. Меншік құқығы мен өзге заттық құқықтар субъективтік азаматтық құқықтарға жатқандықтан, олар субъективтік азаматтық құқықтармен бірдей қорғалады, азаматтық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық принциптеріне, қорғаудың шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес субьективтік азаматтық құқық ретінде қорғану құқығын жүзеге асыратын ережелерге бағынады.

Азаматтық құқықтын тар мағынасыңдя алсақ, меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз — азаматтық заңнамада бекімін тапқан меншік құқықтары мен өзге заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары.

АК-ның "Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау" атты 15-тарауында айтылған меншік құқығы мен өзге де заттық қүкықтарды қорғау шаралары өздерінің сипаты мен әрекеті жағынан біртекті емес, меншік құқығынан, заттық құқықтардан басқа құқықтарды қорғағанда ол шаралардың барлыга бірдей қолдануға жарамаңды. Соңдықтан меншік қүқыгы мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың АК-ның І5-тарауында баяндалған шараларын жүйелеудің өзіндік ерекшелігі бар.

Мысалы, АК-ның 259-264-баптары меншік құқығын қорғаудың мына шараларын: меншік құқығын тануды, меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иелігінен алуды талап етуі; заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезінде есеп айырысуды, меншік иесі құқықтарын иеліктен алумен байланысы жоқ бүзудан қорғауды қарастырған және де осы шараларды қолданудың тетіктері нақтыланған. АК-ның 259-264-баптарында аталған меншік құқығын қорғау жөніндегі шаралар мен олардың тетігі 265-бап арқылы меншік құқығынан басқа заттық құқықтарды да қорғауға таралады.

АК-нын 267-бабында меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтарды билік, басқару органдары мен лауазымды адамдардың заңға сәйкес келмейтін нормативтік немесе жеке актілерінен қорғау шаралары аталған және мұндай актілерге байланысты келген шығындарды өтеу жолдары көрсетілген. АК-ның 266-бабында заңда көзделген негіздер бойынша меншік иесінің құқығы тоқтатылған кезде оны қорғау шаралары және меншік құқығы осы негізде тоқтағанда келген шығынның орнын толтыру тәртібі көзделген.

Меншік құқығы мен озге де заттық құқықтарды қорғаудың АК-ның 15-тарауында көзделген тәсіддерінің жүйесі. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау тәсілдері, өздерінің құқықты қорғау сипатына қарай, заттық-құқықтық және міндеттемелік болып топтасады.

Қорғаудың заттық — құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: бұл тәсілдер меншік құқығы мен өзге де заттық қүқыктарды абсолюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шарттық немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат түтады: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бұлінген зат-тарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні жою. Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттык, құқық иесінің белгілі бір затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсолюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.

Меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік әдістерінің ерекшелігі сонда, мүлкі заңсыз алынған немесе бұлінген меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне мүліктің қүны төленеді немесе бұлінгені өтеледі, яғни келген зиян — шарттан тыс міндеттемелерден туындаған шығын төленеді.

Сонымен, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінде мүлік зат түрінде қалпына келтіріледі, ал міндеттемелікте — ақшалай өтеледі. Заттық-құқықтық тәсілдерді қодданудың ерекшелігі сонда - мүлік зат түрінде болады, ал бұлінген мұлік қалпына келтіріледі, олай болмаған жағдайда меншік құқығын немесе өзге де заттық қүқыктарды қорғаудың міндеттемелік-қүқыктық тәсілдері қолданылады.

Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады; меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықты тану; мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету (виндикациялык талап); бұл бұзушылықтар иеліктен айырумен байланысты болмаса да меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды бүзуды жою (негаторлық талап).

Меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды қорғаудың мівдеттемелік — құқықтық тәсіддеріне мыналар жатады: 1) мемлекеттік басқару органының, жергілікті өкілдік органның меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің құқықтарынбұзатын, заңнамаға сәйкес емес нормативтік-құқықтық немесе жеке актісінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне келген шығыңдардың орнын толтыру; 2) мемлекеттік басқару органының, жергілікті басқару немесе өкілдік органның, не лауазымды адамның актісін заңсыз деп тану, сондай-ақ заңнамаға қайшы құқықтық актіні қолданбау туралы талап қою; 3) заң актілерінде көзделген негіздер бойынша меншік құқығы тоқтағанда оны қорғау.

Әрине, меншік иесінің құқығын немесе өзгедей заттық құқық иесінің құқығын қорғау қажеттііі және тікелей мұндай қорғау басқа негіздерден де туындауы мүмкін, мысалы, шарттық қатынастардан, мүлікке зиян келтіруден, мүрагерлік туралы, авторлық туралы даудан, т.б. Бірақ, бүрыңдары айтылып өткеңдей, меншік иесінің немесе өзгедей запъгқ құқық иесінің құқықтарын қорғаудың бұл төсіддері құқықтың өзге институттарына жатады, атап айтқаңда, міндеттеме бүзылғанда құқықты қорғауға, залал келгенде құқықты қорғауға, мүрагерлік құқықты қорғауға, авторлық құқықты қорғауға және т.б. жатады. Соңдықтан, қудақтарды қорғаудьщ бұл тәсіддері азаматтық құқықтьщ тиісті тарауларында қаралады. Бұл тарауда құқықтарды қорғаудың шектеулі, азаматтық-қүкықтық ұғымға жататын тәсіддері ғана қаралады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет