55
Жарылыстан қорғалған қол шамшырақтары жауапты адамдарда
сақталуы тиіс; оларды жарамды күйде және тек жұмыстарды орындау кезінде
ғана беру керек.
Жұмыс аяқталғаннан кейін шам тазаланып, тиісті ресімдеумен жауапты
адамға қайтарылуы тиіс.
Жарылыстан қорғалған шамдарға профилактикалық қызмет көрсетуді
(шамдарды ауыстыру, аккумуляторларды зарядтау немесе ауыстыру) тиісті
біліктілігі, жұмысқа рұқсаты бар және кәсіпорын бойынша өкіммен
тағайындалған қызметкер орындауы тиіс.
Жарылыс қаупі бар аймақтарда жарылыстан қорғалған жабдықты
жөндеу қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына
сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Шахталар мен кеніштерге арналған кеніш электр жабдығы жарылыстан
қорғау деңгейлері мен түрлері бойынша жіктеледі. Жарылыстан қорғау
деңгейі жарылыстан қорғау дәрежесін және электр жабдығын қолдану
саласын анықтайды. Жарылыстан қорғау түрі қоршаған жарылыс қаупі бар
ортаның тұтануын болдырмау немесе қиындату және жарылыстан қорғаудың
талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі сұлбалық және
конструктивтік шаралар жиынтығын сипаттайды.
Жарылыстан қорғау деңгейі бойынша кеніш электр жабдығының төрт
орындалуы бар: кеніш қалыпты (PH), жарылысқа қарсы кеніштік сенімділігі
жоғары (РП), кеніштік жарылысқа қауіпсіз (РВ), кеніштік жарылысқа ерекше
қауіпсіз (РО).
Достарыңызбен бөлісу: