Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет60/80
Дата06.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#81360
түріМонография
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80
Байланысты:
7-gazet-gramm

Жүздеген 
жүректі емдеген қыз жүрегі неге жылайды?
» (ЕҚ. – 04.02.2012), 
«
Түрме деген санаторий емес немесе темiр тор iшiндегi өмiр
» (ЕҚ. – 
12.08.2009), «
Қаймағы бұзылмаған қазақ қаласы қиял ма?
» (ЖА. – 
19.04.2003), «
Той өтті шаттығы мен тәтті үні тарқамайтын
» 
(СС. – 05.10.2010), «
Талай қылмыскерге сан соқтырған саусақ iздерi
» 
(А. – 21.01.2009). 

Ассонанс
(французша assonance, латынша assono – үйлесім) – 
өлең сөзде (мәтінде) дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. 
Ассонанс сөздің интонация-музыка мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық 
бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-
сезімнің әсерлілігін арттырады [137, 29]. Мысалы: «
Iлiмдi iзгiлiктен 
iздейiк
» (Ақ. – 2000. №3), «
Алты алаштың ардағы
» (СС. – 
09.08.1996), «
Естелiктер ешқашан ескермейдi
» (Ақ. – 1997. №1), 
«
Іргелі істер ілгерілетіледі
» (ЕҚ. – 21.11.2014), «
Елдікті ерен еңбек 
еңселендіреді
» (ЕҚ. – 24.12.2014). 
Мақала атауында әрі дауысты, әрі дауыссыз дыбыстар үйлесімді 
де әуезді түрде үндесіп жатуы да кездеседі: «
Керзаманда кеткен есе 
кемелiне келер ме?
» (СС. – 04.11.2004), «
Бәйдiбек баба баяны баянды 
болмай тұр
...» (Ақ. – 2012. №9). 

Қазақ 
баспасөзінде 
журналистер 
аллитерация 
мен 
ассонанстан басқа тавтограмма әдісіне де жиі жүгінеді. 
Тавтограмма
(гр. ταὐτό «тағы да сол» және γράμμα – «әріп») – барлық сөздері бір 
әріптен басталатын өлең [156, 257]. Кейде мұндай бір әріптен 
басталатын сөздерден ғана құрылған мәтіндерді монофондар деп те 
атайды. Бұл әдеби форма, әдетте, поэзияда көп кездессе де, прозада да 
жолығады. Оның айқын дәлелі – тілшілердің публицистикалық 
мақалаларына беретін атаулары. Мысалы: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет