II. Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу
шаралары
2.1.
Дҧрыс тамақтанбаудан пайда болатын аурулар
Толық аштық немесе жалпы тамақ жетіспеушілігі
(микрокардиодистрофиясы).
Тамақтардың аздап жетіспеушілігі
а/ қуаттың, майдың, ақуыздың жетіспеушілігі маразм,
квашиоркор, кахексия, қан аздық ауруларына алып келеді.
Квашиоркор ауруының пайда болу себебінің бастысы мал
тағамдарының, ақуыздың жетімсіздігі, қосымша себебі В
тобындағы дәрумендердің аздығы, тамақта кӛмірсулардың
бірыңғай мол болып келуі.
б/ дәрумендердің жетіспеушілігі: цинга (қызыл иектің
босаңсып, іріңдеуі), мешел (сүйектің жұмсарып, майысуы),
остеопороз (сүйек қатайып, морт сынғыш болып келуі), ақшам
соқыры, гемералопия, ксерофтальмия, полиневриттер (жүйке
жүйесі әлсіреуі), бери-бери, пеллагра ауруларына алып келеді.
в/
минералдардың
жетіспеушілігі:
тістердің
кариес,
эндемиялық жемсау, мешел ауруына алып келеді.
г/ кӛп қаныққан майлы қышқылдардың жетіспеушілігі: бой
ӛсудің тӛмендеуіне алып келеді.
|