Ерманова с. А


Жердің ластануына санитарлық бақылау



Pdf көрінісі
бет68/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF

Жердің ластануына санитарлық бақылау
 

лас  қалдықтарды  сыртқы  ортаға  таратпауды  мейлінше 
азайту; 

химиялық  заттарды  тұрмысқа  және  шаруашылыққа 
дұрыс пайдалану; 

химиялық  заттардың  ең  аз  мӛлшердегі  шектелуіне 
қадағалау 
(гексохлоранның 
шектеулі 
топырақта 
1,0; 
полихлорпирендікі  -  0,5;  карбофостікі  -  2,0;  хлорампанікі  -  0,05 
мг/кг). 
 
5.5.
 
  Жҧқпалы  аурулардың  және  ішек  қҧрттарының 
таралуында топырақтың атқаратын ролі 
 
Тұрғылықты  жерден  тыс  аймақта  топырақта  зиянсыз 
сапрофиттер ғана болады. Зиянды микробтар топыраққа нәжіспен, 
несеппен,  қалдықтармен,  ӛлексемен,  кӛңмен  және  қалдық  ағын 
сумен түседі. Бірақ оларға топырақта ағзадағыдай қолайлы жағдай 
туа  бермейді,  нәтижеде  олардың  кӛбісі  не  ӛліп  қалады,  не 
ӛздерінің  күшін  азайтып  әлсірейді.  Олардың  топырақта 
қырылуының себебі: 

кеуіп кетеді; 

температура қолайлы емес
- күн сәулесі қыздырып ӛлтіреді; 
- топырақта қоректік зат табылмайды


106 
 

топырақтағы 
сапрофиттермен 
қарама-қарсылыққа 
ұшырайды. 
Топырақтағы  сапрофиттер  мен  микробтардың  басым 
кӛпшілігі  1-10  см  тереңдікте  болады.  Бір  грамм  топырақтағы 
сапрофиттердің саны жүз мыңдаған және миллиондаған мӛлшерде 
кездеседі. Топырақ  тереңдеген сайын олардың саны азая береді  - 
25  см  тереңдікте  10-20  есе  кемиді,  4-7  метр  жерде  жоқтың  қасы. 
Үңгір-шұңқырдың пайда болуы микробтардың тереңдеуіне ықпал 
жасайды, олар жер асты суына да ӛтіп кетуі мүмкін. 
Сыртына  қатты  қабық  жасай  алмайтын  (спор  түзбейтіндер) 
ішек  микроағзалары,  туляремия,  оба,  бруцеллез,  лептоспироз, 
полио-миэлит,  құрт  ауруы  және  басқа  микробтары  топырақтан 
жағдай таба алмай бірнеше күннен немесе аптадан кейін қырылып 
қалады. 
Бірақ ӛлгеніне дейін-ақ олар топырақтан суға, ӛсімдікке және 
адамға ӛтіп үлгеруі мүмкін. Оларды таратып үлгеретіндерге түрлі 
тышқандар,  шыбын  мен  жәндіктер  де  жатады.  Тышқандар 
таратып  қана  қоймай,  ӛздері  микробтардың  қоры  болып  қалады. 
Адамдардың  ондай  микробтармен  зақымдануы  топырақпен 
тікелей  қарым-қатынаста  болуымен  байланысты,  балалар  үшін 
айрықша зиян. 
Сыртына  қатты қабық жасап алатын микробтарға ботулизм, 
сіреспе,  газды  гангренасы  және  сібір  жарасының  таяқшалары 
жатады.  Олар  ӛте  тӛзімді  болып  келеді,  топырақта  бірнеше 
жылдап  ӛмір  сүре  алады  және  тіршілік  қабілетін  сақтап  тұрады. 


107 
 
Топырақта  ботулизмнің,  сіріспенің  және  газды  гангренасының 
таралуы  адам  мен  малдардың  нәжісімен  топыраққа  түсіп 
сақталынады.  Сібір  жарасының  таяқша  микробтары  топыраққа 
малдың қиымен, ӛліксесімен, терісі және жүнімен қарым-қатынас 
арқылы таралады. 
Топырақта ішек құрттары (аскаридалар, власоглавтар, үшкір 
құрттар, 
анкилостомдар) 
кездеседі, 
топырақта 
олардың 
тұқымдары  қалың  қабатпен  қапталып  қолайсыз  жағдайда  бірақ, 
оптимальды жағдайда ішінде дамиды. Балаларға топырақпен және 
ӛсімдіктермен 
қарым-қатынас 
кезінде 
топырақ 
арқылы 
құрттардың  тұқымдары  және  де  нәсілдері  қолдың  ластануы, 
тырнақ  астына  кіру  кезінде,  оны  дұрыс  жумаған  кезінде  ауыз 
арқылы  немесе  тағам  арқылы  (алиментарлы  жолмен)  тарайды. 
Негізгі жұғу жолы ластанған топырақпен қарым-қатынас арқылы, 
ластанған  қол  арқылы  сонымен  зақымданған  малдарды  балықты 
және мысықты іліктіреді солардан кейін адамға жұғады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет