Дәріс №3
Құстың оба ауруы.
Аурудың дамуы,өтуі, клиникалық белгілері.
Аурудың патанатомиялық өзгерістері.
Дифференциалды диагнозы, емі, алдын алу және күресу
шаралары.
Оба - жіті түрде өтетін жұқпалы ауру .Онымен тауық, күркетауық ,мысыр тауығы ,жабайы тауық тектес құстар ауырады . Бұл ауру құс шаруашылығына орасан зор зиян тигізеді , оған шалдыққан құс қырылып қалады . оба шыққан шаруашылық ұзақ уақыт карантинге жабылады . Құс өнімдерін сата алмайды , құс басын өсіре алмайды .Аурудан арылу үшін көп қаражат жұмсауға тура келеді .
Ауру қоздырғышы: арнайы сүзгіден өтетін вирус . Электронды микроскоппен домалақ шар тәрізді болып көрінеді . Оба вирусыөте төзімді келеді . 10-25*С жылы күнде өлекседе 30 күннен кейін, ал мұздаған өлекседе 300 күннен кейін өледі .Тікелей күн сәулесінен вирус тез қырылып қалады .
Эпизоотологиялық мәліметтер. Табиғи жағдайда обамен көбінесе тауық , кейде күркетауық ,мысыр тауығы ,жабайы тауық тектес құстар ауырады . Ол әсіресежасы бір айға толмаған тауық балапандарына жұққыш келеді .Бұлар обамен өте қатты ауырады .Індет ауырып тұрған және аурудан жазылған құстар арқылы тарайды . Вирус асқазан немесе тыныс жолы арқылы құс денесіне түседіде , оның қанына енеді , қан тамыры қабырғасын селдіретіп , салдарынан әр жері қанталайды .
Достарыңызбен бөлісу: |