Дәріс №2.
Пуллороз.
Аурудың дамуы, өтуі, клиникалық белгілері.
Аурудың пат.анатомиялық өзгерістері.
Дифференциалды диагнозы, емі, алдыналу және күресу шаралары
Пуллороз-(ақ тышқақ) тауық және күркетауық балапандарының жұқпалы ауруы.
Ересек құста ол ұзаққа созылады және сырттай қарағанда білінбейді. Пуллорозқұс шаруашылығына қыруар зиян тигізеді, оған шалдыққан балапандардың 50%тіпті оданда көбі өледі, кенеттен тауық жұмыртқа салуы төмендеп, шаруашылыққа карантин болады.
Ауру қоздырғышы-Salmonella pullorum дейтін ұсақ бактерия. Оның екі шетідөңгеленген , ұзындығы 1,0-2,5 микрон, ені 0,3-0,5 микрон. Бактерия таяқша тәрізді қозғалмайды. Кейде оның жіп тәрізді жіңішке түрі де кездесіп қалады.
Ол спора құрмайды, капсуламен қапталмайды. Бактерия сыртқы ортаға өтет өзімді,құс саңғырығында күзде-40, қыста -80-159 күн сақталып жатады.
Өтуі. Пуллорозбен көбінесе тауық балапандары, кейде күркетауық , қырғауыл, үйрек, қазбалапандары ауырады. Оған әсіресе 3-14 күндік тауық балапандары шалдыққыш келеді.
Балапандардың пуллорозбен ауруы және одан өлуі әдетте олардың жас кезінде көбейіп кетеді. Бұдан үлкендеу балапандар көбінесе жіті және созылмалы пуллорозбен ауырады.
Олардың азығы мен күтімі нашарласа , ауру асқынып , жіті пуллорозға айналады.Қараңғы лас қорада сығылыстырып бақса, азық рационы құнары төмен болса, тауық балапандары тез шалдығады.
Достарыңызбен бөлісу: |